• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2022

Жетісу жемқорлар ордасына айналды ма?

584 рет
көрсетілді

«Бүркеген жерге бүрге жиналады» дегендей, қоғамдағы жағымсыз жағдайды жасырып, жабудың соңы жақсылыққа апармайды. Оның өкінішті мысалын жүйені жайлаған жемқорлықтан байқап отырмыз. Оның үстінесыбайластықтың жегі құрттай жеп, тамыр жайғанына себепкер мен кінәліні алыстан іздемейтініміз тағы анық.

Бірақ, ел іші бұған төзбейтінін ашық білдіріп, айтудан танған емес. Мәселен, тұрғындардың елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірін зерделейтін қоғамдық ұйымдар үнемі дабыл қағып келеді. Transparency Kazakhstan сарапшыларыөткен жылы ғана ел аумағындағы 9000 респондентке сауалнама жүргізген екен. Зерттеуге республикалық маңызы бар 3 қаланың, 14 облыс және 143 аудан орталығының тұрғындары тартылыпты. Бір қызығы, сауалнамаға қатысқан қарапайым адамдардың 11,3 пайызы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа тап болғанын айтса, нәпақасын шағын және орта бизнестен тауып жүргендердің 8,2 пайызы мемлекеттік мекемелерге жүгінген кезде мәселені шешу үшін пара беруге мәжбүр болғандарын көрсетіпті. Демек, сыбайлас жемқорлықпен күресті атқарушы жүйені тазалудан бастау керектігі күн тәртібінде тұр.

Айтпақшы, осы сауалнамаға қатысқан азаматтардың 37,4 пайызы және кәсіпкерлердің 45,9 пайызы кейінгі 2 жылда пара алу дерегінің азайғанын да атап өтіпті. Жұрт мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жұмысы шараға нан кейін байқалған жақсы нышан деп бағалайды екен. Алайда әлем елдері арасындағы жемқорлық индексі бойынша талдауларда Қазақстанның жағдайы айтарлықтай жақсы болмай тұр. Transparency International ұйымының 2021 жылдың қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде еліміз 2020 жылға қарағанда 1 баллға төмендеп, жемқорлыққа бейім мемлекеттер тізіміндегі Шри-Ланка және Гамбия сияқты елдермен қатар102-орынға тұрақтапты.

Өкінішіке қарай, жемқорлық дерегі Жетісуда да жиі тіркеліп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары былтыр 166 адамды пара алды деген күдікпен ұстаса, олардың арасынан 102 тұлғаның қылмысы дәлелденіп, сотталған екен.  

- Біздің департамент 2021 жылдың 12 айында 101 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 75 қылмыс сыбайлас жемқорлық бойынша дәлелденді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 адам әртүрлі дәрежедегі лаузымды, яғни бірінші басшылар болып отыр. Былтыр 102 адам сотталды, оның ішінде 87 адамға 250,4 млн теңгеден астам соманың айыппұлы салынды. Бас бостандығынан 8 адам айырылды. Тағы 8 адамның мүлкі тәркіленіп және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев.

Жалпы, өткен жылғы аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың көлемі 3,9 млрд теңгеге жетсе, антикоррдың араласуынан кейін ол қаржының дерлігі кері қайтарылған. Яғни, 3,8 млрд теңге бюджет пайдасына өтелді. Осы жерде облыс қазынасына ойланбай қол салатындардың қатарында лаузымыды басшылардың көп екенін айтуымыз керек. Мысалға, кейінгі бірер жыл көлемінде Алматы облысында ұсталған жемқорлардың дені мемлекетке адал болуға ант берген шенеуіктер екен. 2020 жылы сондай бір жемқорларды құрықтау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура және жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы жүзеге асырған болатын. Іс бойынша облыстық білім басқармасының экс-басшысы Майгүл Омарова, осы басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас  маманы Бақыт Қабдолданова және аймақтық білім саласындағы жаңа технологиялар ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаев қамауға алынған-ды. Сондай-ақ, бюджет қаржысын игеру кезінде заңсыздыққа жол беріп, пара бергені үшін бірненше жеке кәсіпкердің де күдікке ілінгені туралы айтылған. Күдіктілерге ас ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Мәлім болған дерек бойынша, сыбайласқан топ облыстық бюджет қаржысына компьютерлік техника сатып алу кезінде жеке кәсіпкерден 37 650 000 теңге сыйақы талап етіп, оның бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде алып жатқан кезінде ұсталған.Сондай-ақ, Талғар ауданының әкімі қызметін атқарған Серікжан Ерекешов пен оның қол астындағы бірнеше қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қамауға алғанболатын. Ал қол астындағы қызметкерінің жемқорлықпен ұсалғаны дәлелденгенен кейін Текелі қаласының экс-әкімі Бахтияр Өнербаев өз еркімен отставкаға кеткен. Тура осындай жағдаймен Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев те крослосымен қоштасқан. Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты топ-тобымен ұсталған мемлекеттік қызметшілер де болды. Мәселен, Талдықорған қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып кәсіпкерлерден пара алған. Олар карантин шаралары күшейген кезеңде Талдықорған қаласындағы рестораторлар мен жеке сауда өкілдеріне ашық жұмыс істеуге рұхсат беріп, әкімшілік айыппұлдан құтылуға көмектескен. Жемқорлар бұл қызметі үшін кәсіпкерлерден 20 мың теңгеден бастап, 270 мың теңгеге дейін ақша дәметкен екен.

Айтпақшы, Жетісудағы жемқорлықтың түпнегізі мемлекеттік сатып алу жүйесінде жатқан сияқты. Бұл бағытта жиі мониториң жүргізіп отырған жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары облыс бюджетін тиімсіз қолданбақ болған мекемелерді жиі анықтайды екен. Былтыр қаржыға қатысты қырағылықтың арқасында 11 млрд теңгеге жуық бюджет ақшасы үнемделіпті. Ал облыстағы 425 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс лауазымдары енгізілген.

- Биыл департамент мамандары жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік мекемелерге 8 рет ішкі талдау шарасын жүргізді. Нәтижесінде 143 дерек тіркеліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша берліген ұсынымдар 100 пайыз шешімін тапты,- дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев.