Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым саналатын UFC-де үш кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын жедел жеңген отандасымыз Шавкат Рахмонов әуесқойлар лигасындағы екі жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sport-express.ru-ға сілтеме жасап.
«Ресейлік Гаджимурат Хирамагомедовке әуесқойлар арасындағы додаларда төрешілердің шешімімен екі мәрте есе жіберген болатынмын. Ол кездесулерде ресейлік спортшы еркін күрестің арқасында менен басым түсті. Ал тік тұрып жұдырықтасқан кезде түк тындыра алмаған еді. Әуесқойлар арасындағы жарыстың деңгейі бөлек. Қазіргі таңда ол қайда, мен қайдамын? Екеуміз екі әлемде жүрміз», деді Шавкат ютуб-арналардың біріне берген сұхбатында.