• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Технология 09 Ақпан, 2022

Astana Hub IT өнімдерді жасауға үйретеді

383 рет
көрсетілді

Бағдарламалау дағдыларынсыз дайын өнімді құру, бизнес-модельді көп шығынсыз сынау, стартапты бірнеше есе жылдам іске қосу және әзірлеушілердің көмегінсіз жасау әбден мүмкін. 1 мыңнан астам адам мұны Astana Hub-тың бағдарламалаусыз IT өнімдерін жасау курсының көмегімен үйренді. Жақында елордалық технопарк No Code бағдарламасының төртінші легіне өтінімдер қабылдауды жариялады.

No Code – бұл визуалды модельдеу әдісін қолдана отырып, арнайы платформалармен код жазбай, IT-өнімдерді: сайттар, веб және мобильді қо­сымшалар жасау тәсілі. Бұл әдістің танымалдылығы бар­лық процесті, соның ішінде әзір­лемелерді жеңілдету және автоматтандыру үрдісімен түсін­діріледі.

– Қазіргі таңда бірнеше күн әзірлеуді қажет ететін IT өнім­дерін жасау, No Code дағды­ла­рына ие болу ақша табуға мүм­кіндік береді. Со­­нымен қатар бірнеше ай бойы бағдарламалау тілдерін үй­ренудің қажеті жоқ. Astana Hub-тан No Code мектебінде алған білім жалдамалы жұ­мыста немесе фриланс сайттарында, сондай-ақ жеке IT бизнесте пайдалы болады, – деді Astana Hub басқарушы директоры Абай Абсамет.

No Code көмегімен компа­ния­ны құрудың сәтті жағдайла­рының бірі – Bubble платфор­масында толығымен іске асы­рылған Comet стартапы. Comet – IT-фрилансерлер мен компаниялар үшін бірыңғай биржа. Жоба орташа айлық табысты 800 мың долларға дейін арттыра алды. Тағы бір стартап – Qoinc қаржы платформасы, ол сәтті масштабталғанына қарамастан, әлі күнге дейін Bubble негізінде толықтай жұ­мыс істейді.

Әрине, No Code құралдары бағдарламашылардың кәсіби тәсілін алмастыра алмайды. Алай­да бастапқы ке­зең­дерде, мы­салы, MVP (ми­­­нималды өмір­шең өнім) әзір­­леу кезінде, белгілі бір ги­по­тезаларды тексеру қа­жет болған кезде, no code құрал­дары кейбір мәселелерді ше­шуді едәуір жеңілдетеді және жедел­детеді. Сонымен қа­тар стартаптар көбінесе инвес­тициялық бағдарламалар мен венчурлық қорлар конкурс­тары тез прото­типті қажет ететін жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда болашақ өнімді өз бетіңізше және қысқа мерзімде тегін сынау тәсілі ретінде No Code көмекке келеді.

Болашақ студенттерді No Code экспресс-курсының төр­тін­ші ағымында сегіз білік­ті сарапшы оқытады: IT-кәсіпкер­лер, ірі компаниялардың қыз­мет­керлері, оқытушылар, cер­ти­фикатталған трекерлер, олар: Тимур Мұхамедзянов – «Газ­пром нефть» трекері, Сергей Малинин – ФРИИ трекері, Алина Макаренко – сертификатталған Scrum Master (PSM I), SAFe Agilist, SAFe RTE, Дмитрий Воротников – X5 Retail Group, Протек, Билайн корпоративтік акселераторларының жетекші трекері және т.б. Сарапшылар бастаушы стартаптарға дұ­рыс мақсаттар қоюға және жо­балар­ды нәтижеге жеткізуге көмектеседі.

Курс ағымдағы жылдың 21 ақпанында басталады. Бағдар­ламаның ұзақтығы – екі ай. Осы уақыт ішінде болашақ ноу-кодерлер Bubble, Tilda, Webflow, Adalon, Integromat, Glide платформаларында жұ­мыс істеуді үйренеді. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, ең белсенді студенттер жобалармен жұмыс жасауда практик-тренерлерден жеке қолдау көрсетіледі.