• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Ақпан, 2022

Түркіменстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

455 рет
көрсетілді

Түркіменстанда 12 наурыз күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы аталмыш елдің ОСК төрағасының көмекшісі Безирген Караев ақпарат таратты.

Бұған дейін Парламенттің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға жол беру керек екенін тіліне тиек еткен болатын. Түркіменстандағы БАҚ-тар «осыған байланысты сайлау мен референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түркіменстанның конституциясы мен заңнамасына сәйкес тиісті жұмысты бастау тапсырылды» дегенді алға тартып отыр. Түркіменстанда соңғы рет президент сайлауы 2017 жылы өткен болатын.