Әр өңірде әртүрлі аталғанымен, түпкі мағынасы бір салт. Біздің жақта сайып келгенде сыйлас ағайынның сақтаулы сыбағасы іспетіндегі осындай бір әдемі дәстүр бар.
Таяуда көптен көрмеген бауыздау құдаммен жүздесе қалғаным. Аз-кем амандық-саулықтан соң құдам қалжыңға сүйеп:
– Биыл үйіңнен бір омыртқа мүжімедік қой, – дегені.
Өкпесінің жөні бар, ырыздық кемімегенімен, мүмкіндіктің аз болып тұрғаны. Ол жалпақ дүниені жалғыз қауызға сыйғызған жаман тұмаудың жайылып кетуінен. Топырлатып кісі шақырып, төрге отырғызып күтпек түгілі, көшеде жөтелген адамнан ат-тонымызды ала қашатын болдық.
– Жағдай осылай, өзіңіз де білесің ғой, құда, – деп жақауқаттық.
– Ойын ғой, бірақ осы дерттің салдарынан ағайынның бет-жүзін көрмейтін болдық. Жат болып кетпесек жарар еді, – деп қатты айтты құда, жиендердің де бүйрегін жолдаған жоқсың. Ертең нағашыларына бүйрегі бұрылмай тұрса, өзіңнен көр.
Шынында да омыртқа адамдарды бір-біріне жақындастыратын әдемі жоралғы. «Бір күн дәмдес болғанға, қырық күн сәлем бер» дейді халық. Мысалы, жаратылыс иесінің бар мүшесін ұстап тұратын, қозғалысқа келтіретін мүше – омыртқа. Алысты жақындатып, ағайынды тонның ішкі бауындай бекемдейтін де осы салт. Өңір жасыл аймаққа ауысса, өкпе айтқыш ағайынды омыртқаға шақырып жібермекпін.
Көкшетау