• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2022

Вейп эпидемиясының қаупі жоғары

408 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің Ден­саулық сақтауды қорғау ұлт­тық орталығының сарап­шы­­сы Жанар Қалмақова Қа­зақ­станда темекі шегу тәуел­ді­­лігінің төмендеуі аясында және қа­былданған заңнамалық нор­ма­лар­­ға қарамастан, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында вейп эпидемиясы өсуде деп есептейді.

«Болашақта снюстерге тыйым са­лу секілді вейптердің айналымына қатаң тыйым салу, сондай-ақ қыз­ды­рылған темекі мен оны тұтыну құ­рыл­ғыларынан оның кәдімгі темекіге толық теңестірілуіне байланысты акциз­дерді жинауды арттыру қажет», деп атап өтті Ж.Қалмақова.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақ­тау жүйесі туралы» кодексінің қол­даныстағы мемлекеттік бақылау ша­ралары мен заңнамалық тетіктердің кө­мегімен халық арасында темекі шегуге қарсы күрестегі елеулі прогрес­ке назар аударады. Осылайша, 2009 жылы қабылданған және 2020 жылы кү­­шей­тілген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ко­дексін енгізумен темекіні бақылау жө­ніндегі бірқатар мемлекеттік шара Қазақстанда темекі тұтынудың шамамен 7 пайызға төмендеуіне алып келді.

Осылайша, орталық мәліметтері бо­йынша, егер 2007 жылы қазақстан­дық­тар­дың шамамен 27%-ы темекі шегуге әуес болса, 2019 жылы темекі шегу ересек тұрғындар арасында 20,4%-ға дейін төмендеді. Қазір бұл жаман әдеттен ерлердің 36,5%-ы және әйелдердің 6%-ы зардап шегеді.

2014 және 2019 жылғы GATS (ДДҰ Ғаламдық зерттеуі) зерттеулеріне сәйкес, темекі шегушілер саны ерлер арасында 14%-ға айтарлықтай төмендеген.

GATS сауалдамасының деректері бо­йынша, қазақстандықтардың 70%-дан астамы темекі шегуге тыйым салуды және темекі түтінінен бос орта құру жөніндегі шараларды қолдайды. Оның әсері 2014 жылдан 2019 жылға дейін колледждерде, университеттерде және медициналық мекемелерде 70%-дан астам, үкіметтік ғимараттарда және қоғамдық көліктерде – 50%, үй ішіндегі жұмыс орындарында 40%-ға төмендеді, ал барлар мен түнгі клубтарда темекі түтінінің әсері 11,3%-ға өсті.