• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Наурыз, 2022

Әйелді аялау – әлемді аялау

459 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігінде бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесінде әйелдердің рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған жиында әйелдерді қорғауды қамтамасыз ету және олардың жанжалдардың алдын алудағы рөлін күшейту мәселелері талқыланды.

 

Отырыс жұмысына Пре­зи­дент Әкімшілігі Басшы­сының орынбасары Аида Балаева, Қазақстандағы адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл Эльви­ра Әзімова, Президент жа­нындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова, мемле­кеттік органдардың, халық­аралық ұйымдар мен дипло­ма­тиялық корпустың өкілдері қатысты.

Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары А.Ба­лаева әлемде қазіргі таңда шиеленіскен қарама-қай­шылық пен тұрақсыздық орын алғанына тоқталды. Оның айтуынша, мұның салдары бүкіл аймаққа қауіп төндіреді. Әлем­дегі тұрақтылық пен бей­біт­шілікке нұқсан келтіреді. «Бүгінгі жиында бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылаймыз. Қазіргі кезде осы тақырыпта жан-жақты әрі маңызды диалог қажет екені белгілі. Әлемдегі қазіргі ахуал шиеленіс пен тұрақсыздықтың ушыққанын байқатып отыр. Қақтығыстардың теріс салдары тұтас өңірлерге қауіп төндіріп, тұрақсыздық әке­леді», деді А.Балаева.

Спикер осы орайда 2010 жылы қабылданған БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіз­дік» туралы қарары ерекше ма­ңызға ие екеніне екпін берді. «Бұл қарар, сондай-ақ басқа да құжаттар соғыс пен бейбітшіліктің гендер­лік өлшемдерін және қақты­ғыс­тарды тоқтату мен шешуде әйелдердің маңызды рөлін мойындатуға ықпал етті. Осымен әйелдерді бейбіт келіссөздер процестеріне көптеп тарту, гуманитарлық іс-қимыл мен шиеленістен кейінгі қалпына келтіруге қатысу құқығы бекітілген. Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі болмайынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес екені белгілі. Қазақстан тарапы әйелдерді мемлекет қызметінің барлық саласында ілгерілету және әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қабылданған тиімді әрі инсти­ту­ционалды шаралар деңгейін­де тиісті табыстарға қол жет­кізді», деді А.Балаева.

Сондай-ақ А.Балаева өз сө­зін­де Мемлекет басшы­сы­­ның Жар­лы­ғымен Отбасы және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжы­рым­дама­сы бекітілгенін атап өтті. Құжатта осы бағытқа қатысты бүкіл мәселелер қамтылған. Олар же­тілдіріліп, жүзеге асып келеді. «Қазақстан әйел­дерді қызметтің барлық сала­ларында ілгерілету үшін тиімді институционалдық шара­лар қабылдау деңгейінде бел­гілі бір жетістіктерге қол жет­кізді. Елімізде 2030 жылға де­йінгі отбасылық және ген­дерлік сая­сат тұжы­рым­дамасы іске асы­рылып, жетілдіріліп келеді. Әйелдердің теңді­гін, құ­қықтары мен мүмкін­діктерін кеңейту саласында Орталық Азия білім орта­лы­ғын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Әйел­дер еңбегін пайдалануды шек­тей­тін тізімді толық жою тура­лы прогрессивті шешім қабыл­данды», деді Аида Балаева.

Спикердің айтуынша, тұ­жырымдаманы іске асыруды бағалау нәтижесі тоғыз ны­саналы индикаторды, оның ішінде бейбітшілік пен қа­уіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдер үлесін есепке алмақ. Осы орайда, Мемле­кет басшы­сының адам құқық­тарын қор­ғау саласына қатысты тап­сыр­масын орындау мақ­сатында әйелдерді кемсітуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. «Әйелдер еңбегін пай­­да­­ла­нуды шектейтін тізімді то­лы­ғымен жою туралы прог­рес­сивті шешім қабыл­данды. Кеңес дәуірінен қалған бұл ті­зім бойынша қазақ әйелдеріне іс жү­зінде 200 жұ­мыс пен кәсіп түрі бойын­ша жұмыс істеуге рұқ­сат етіл­меді», деді А.Ба­лаева.

Сондай-ақ Қазақстан халық­-аралық алаңда Spotlight бас­тамасын белсенді қолдай­тыны айтылды. Спикер атал­ған жоба Орталық Азия мен Ауғанстандағы гендер­лік қысымды тоқтатуға көмек­те­сетініне үміт білдірді. «Жо­баға Қазақстан «Тең құқылы ұрпақ: әйелдер құқығы мен тең құқылы болашақты қор­ғау» жаһандық форумы аясында қатысатыны туралы бас­таманы білдіріп, зорлық-зомбылық пен экономикалық әділетсіздікті жою бойынша міндеттеме алды. Гендерлік теңдік және құқықтарды ке­ңей­ту саласында Орталық Азия білім орталығын құру тұр­ғысында жұмыстар жүріп жатыр. Орталық өз жұмы­сында Орталық Азия елде­рімен серіктестік қатынас­тарды нығайтуға, осы орайда 2030 жылға дейінгі орнық­ты даму саласындағы күн тәр­тібін ілгерілетуді қол­­дауға бағытталған. БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесінің то­ғыз қарарын іске асыру мақ­сатында Қазақстан Үкіметі өткен жылдың желтоқсан айында 2025 жылға дейінгі іс-ша­ралар жоспарын бекітті. Жос­пар жанжалдардың алдын алу мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зор­лық-зомбылықтың алдын алу­ға, хабардар болуды артты­руға, жанжалдардың алдын алу және әйелдерді қорғау мәсе­лелерінде азаматтық қо­ғам­мен өзара іс-қимылды кү­шей­туге әйелдердің тең құқы­лы қатысуын қамтамасыз ету бо­йынша нақты шараларды жүр­гізуді қамтиды», деді А.Балаева.

Өз кезегінде Эльвира Әзі­мова жоспардың негізгі іс-ша­ра­ларына тоқталып, әйелдер­дің алдын алу диплома­тиясы мен қалпына келтіру процестерінің бел­сенді қаты­су­шылары болуы үшін олардың әлеуетін нығай­тудың заң­намалық және прак­ти­калық құралдарын әзір­леу қа­жеттігі туралы мә­лімдеді. «Қауіпсіздік мәсе­лелерін қарумен емес, бітім­гершілік тетіктері арқылы ше­шуге болады және қажет. Соңғы оқиғалар әйел­дерді превентивті дипло­матия мен делдалдық дағдыларына оқыту процесін күшейту, мемле­кеттік органдар өкілдері мен азаматтық қоғам өкіл­дері қатарынан келіссөз жүр­гізушілер пулын қалыптас­тыру қажеттігін дәлелдейді. Басты мақсат – қақтығыстарды реттеудің бейбіт құралдарын тиімді пайдалануға үйрету және оларды заң деңгейінде қолданудың нақты сценарийін бекіту», деді Э.Әзімова.

Ол сондай-ақ Қазақстанда төтенше жағдай кезінде әйел­дерге көмек көрсету үшін мем­­лекеттік органдар, әлеу­мет­­тік қызметтер мен ҮЕҰ өза­ра іс-қимылының нақты те­­тігін енгізу қажет екенін айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Алек­сандр Данилов ведомствоның мемлекет өміріне азаматтық қоғамның қатысуын кеңей­туге күш салатынын жеткізді. «Бізге азаматтық қоғамның қатысуын кеңейте түсу керек. Ген­дерлік саясат –  біздің басымдық беретін бағыт­тарымыздың бірі. Осы орайда бізді барлық осы тектес бас­та­маларға тартуға шақырамын. Алдымызда жалпы қоғамдағы жағ­дайды жақсарту мақсаты тұр. Сон­дықтан бұл жауап­кер­шілігі мол міндет барша­мызға ортақ. Осы орайда атал­ған бағытта өңірлер­дегі жұ­мыстарды күшейту ма­ңыз­ды. Барлық жерде бұл тақы­рыпта әйелдердің білімі мен хабардар­лығын көтеру­мен қатар, ерлердің де білімін шыңдауға екпін қою керек. Біз жоспарларды, келісімдерді, қарарларды іске қосуға, сондай-ақ нәтижелерге қол жеткізуге көмектесеміз», деді вице-министр.

Дөңгелек үстелге қаты­су­шы­лар ұлттық жоспарды қа­былдау әйел­дердің қауіпсіздік пен құ­қық­тық тәртіптің күн тәрті­біне қаты­суы үшін жағ­дай жасау арқы­лы қойылған мін­деттерге тиімді қол жеткізуге болатындығын түсінетінін көр­сетті.