Арада екі жарым ай өткен соң WBА өзбекстандық Исраил Мадримов пен франциялық Мишель Соро арасындағы жекпе-жектен кейін туындаған дауға нүкте қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екі боксшы өткен жылдың желтоқсан айында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында қолғап түйістірген болатын. Бірінші орта салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жектің 9 раундында өзбекстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді. Алайда Исраил Мадримов раунд аяқталғаннан кейін шешуші соққыны дарытқан. Ал төрешілер оның бұл әрекетін елеусіз қалдырған. Мишель Сороның командасы осы мәселе бойынша ұйымға қайырылған еді. Ұйым өз кезегінде жекпе-жек нәтижесін өзгеріссіз қалдырып, қос боксшы арасында жедел қарымта кездесу өткізу туралы шешім қабылдады.