• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2014

Қарағанды облысында бір ауылды су басып қалды

243 рет
көрсетілді

Кеше, 30 наурыз күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті су қоймасындағы плотинаның жырылып кетуіне байланысты Көкпекті ауылын топан су басып қалды. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Үлкен ағын судың келіп құйылуы мен шлюз камерасының өткізу қабілетінің нашарлығынан тасқынның плотинадан асып түсу ықтималдылығы 18 сағат 30 минут байқалды», - делінген хабарламада. Осыған байланысты Көкпекті ауылының өзеннің жағалауына орналасқан 70 үйі (210 адам) мен Қарағанды қаласына қарасты Сортировка елді мекенінің 30 үйіне (150 адам) жағдай хабарланып, тұрғындарды басқа жаққа көшіру орын алып қалуы мүмкін екені ескертілді. Тұрғындардың көшірілетіні туралы ақпар Көкпекті өзені мен бұдан әрі Нұра өзені жағаларында тұратын тұрғындардың барлығына жеткізілді. Ол үйме-үй аралап шығу тәртібімен жүргізілді. Ал 31 наурыз күні түнгі 1 сағат 30 минутта Көкпекті су қоймасында плотина  жырылып кетті. Нәтижесінде Көкпекті ауылында 100 үйді (810) су басып қалды. Судың деңгейі 1,5-1,8 метрге дейін жетіп отыр. Түнгі 2 сағат 45 минуттан бастап кентте судың деңгейі қайта бастады. Төтенше жағдайды жою мен су басқан жерлердегі тұрғындарды көшіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің 124 адам құрамындағы жеке құрамы мен 15 жоғары өтімді техника бірлігі, азаматтық қорғаныс полкі, медициналық апат бөлімшелері, құтқарушылар тартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Көкпекті кентінің 125 адамы құтқарылды. Құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан 4 адамның денелері табылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ұшып келді. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Рәсім: e-arhiv.vko.gov.kz.  
Соңғы жаңалықтар