• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Әріптестік туралы меморандумдар жасалды

280 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ардагерлер ұйымы мен «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің арасында партиялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды. Партия хатшылары Эль­дар Сыздықов пен Құмар Ақ­са­қаловтың үкіметтік емес ұйым­дардың бірқатар басшыларымен өткізген кездесуінде 12 партиялық, оның ішінде «Сәтті қадам», «Жастар ауылға», «Айқын тариф», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» және басқа жобаларды жүзеге асырудың мәселелері талқыланды. «Партиялық жобаларды жүзеге асыру партия қызметінің негізін құрайды. Бұл бір күндік қана акция емес, 900 мыңнан астам партиялықтардың – жергілікті жерлердегі филиалдардың, барлық деңгейдегі депутаттардың, партия кураторларының, партия бастау­ыш ұйымдарының тынымсыз еңбегі. Біз үшін бұл жұмысқа неғұрлым көп қазақстандықтардың тартылуының маңызы зор. ҮЕҰ жұмысының тәжірибесі де өте маңызды», деп атап өтті Құмар Ақсақалов. «Нұр Отан» партиясы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақ­тауға, қоғамдағы ынты­мақ­тас­тық, отаншылдық, дәс­түр мен үлкенді сыйлау сезі­мін ны­ғай­туға бағытталған «Ардагер­лерді ардақтайық» жобасын жү­зе­ге асырып келеді. Жоба шең­бе­рінде кешенді шаралар ұйым­дас­тырылады. Атап айтқанда, егде адамдардың жинаған тәжірибесі мен алған білімін жас ұрпаққа үйрететін түрлі алаңдар құру жос­парланып отыр. «Нұр Отан» партиясының қатардағы мүшелерінен тұратын еріктілері мен «Жас Отан» белсенділерінің әр ардагермен жүргізетін күнделікті жұмысы пікір алмасудың жандануына мұрындық болады. Мысалы, «Жас Отан» жастар қанатының ерік­тілері Интернациональный кен­тінде тұратын еңбек тылының майдангері Бағила Адиқановаға барып қайтты. Жастар бірнеше сағат бойы ардагердің ауласын жинап, үйінің ішін әрлеу жұмысына қолғабыс тигізді. Оның сыртында жоба шеңберінде егде адамдарды белсенді әлеуметтік өмірге араластыруға байланысты жұ­мыс­тар жасалды. Ол интернетте жұ­мыс істеудегі компьютерлік сау­­ат­тылыққа оқытатын семинар­лар. Атап өткеніміздей, 2014 жылы «Нұр Отан» нақты әлеуметтік топтардың мәселесін – ардагерлер, егде адамдар, мүгедектер, жастар, балалар, аналар мен бизнестің мәселелерін шешуге бағытталған 12 ірі партиялық жобаны жүзеге асыруда. «Егемен-ақпарат».