• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Сейшель аралдарымен де араласамыз

341 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Сейшель аралдары республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Сейшель аралдарының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Мари-Луиза Поттер екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейде ынтымақтастықтың болашағы туралы және Қазақстан мен Сейшель үшін қызығушылық тудыратын БҰҰ күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Солардың ішінде теңізге шыға алмайтын, кіші аралды елдер мәселесін шешу, Тұрақты даму мақсаттарын жасау, қоршаған ортаны қорғау, кли­маттың өзгеруі мәселесі және т.б. бар. Тараптар мемлекеттер ара­сында туризм, білім беру, сауда және өңірлік нарықтарға жол ашу салаларындағы өзара тиім­ді байланыстарды кеңейтудің маңыз­дылығын атап өтті. Осы жылғы қыркүйекте Қазақстанның да қатысуы жоспарланып отырған Дамушы кіші аралды елдердің саммитіне ерекше назар аударылды. Сейшель – ЭКСПО-2017 ма­­мандандырылған көрмесін өт­кізуде Астана қаласының канди­датурасын қолдаған Афри­ка өңіріндегі алғашқы мемле­кет­тердің бірі. Сейшельдің БҰҰ жа­нын­дағы Тұрақты өкілі, әсіресе, дамушы елдер үшін энергетика, энергия ресурстарының же­тіспеушілігі мәселелерін шешудегі ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызды рөлін атап өтті.