• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2022

E-license порталындағы қызметтер

277 рет
көрсетілді

Енді құрылыс нысандарына және тағы 8 мемлекеттік қызметке кешенді сараптама жүргізуге рұқсатты автоматты режімде elicense.kz сайтында алуға болады.

Сараптамалық (жекеменшік) ұйым­дар құрылыс объектілеріне ведомство­дан тыс кешенді сараптама жүр­гізу қызметін онлайн режімінде пай­да­лана алады және нотариалды куәлан­дырыл­ған көшірмелерін немесе растай­тын құ­жаттардың түпнұсқаларын ұсынбауға болады. Қызмет тек заңды тұлғаларға арналған және тегін көрсетіледі.

«Бизнес-процестерді оңтайландыру арқылы біз электронды лицензия порталында 9 мемлекеттік қызметті алу уақытын жеңілдеттік. Енді бизнес ие­лерінің рұқсаттарды бір-екі ми­нут­тың ішінде алуға мүмкіндігі бар. «Ұлттық ақпараттық технология­лар» АҚ мен Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мем­лекеттік органдармен бірге атқарған жұмыстарының нәтижесінде заңды тұлғаларға қағаз түрінде 9 қызметке анықтама ұсынудың қажеті жоқ», деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Айта кету керек, бұрын бұл қызмет қағаз түрінде, күнтізбелік 30 күн ішін­де көрсетіліп, қажетті құжаттар тіз­бесі нотариалды куәландырылған көшір­мелерде немесе түпнүсқаларда ұсынылды.

Жобаларға (тех­ни­ка­лық-экономи­калық негізде­ме­лер және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өту үшін пайдаланушы:

- e-license деректер порталына авторизациядан өту немесе тіркелу;

- «құрылыс» бөлімінде тиісті қызметті таңдау;

- қызмет паспортында талап ететін құжаттар топтамасымен танысу;

- «қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы арқылы өту;

- жұмыс/ қызмет түрін таңдау;

- мәліметтер нысанына сәйкес талап етілетін деректерді енгізу;

- ЭЦҚ көмегімен қол қоюы қажет.

Мемлекеттік қызмет 5-7 минут ішін­де көрсетіледі және қызметті бе­руші басшысының немесе оны алмас­­ты­ра­тын адамның ЭЦҚ қойыл­ған элект­ронды құжат нысанда пай­далану­шының «жеке кабинетінде» сақталады.

Аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап заңды тұлға өз қыз­метін кедергісіз жүзеге асыра алады. Рұқсаттың қолданылу мерзімі – 2 жыл.

Осы қызметтен басқа e-license порталында тағы 8 мемлекеттік қызмет автоматты режімде көрсетіледі:

«Аэронавигация мен әуежайлар және байланыс саласындағы көр­сеті­летін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін мем­лекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару (кіші түрін табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркелімге енгізу)»; «Тауарлардың жекелеген түр­лерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»; «Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру»; «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»; «Бірінші және екінші жауапкер­ші­лік деңгейіндегі объектілер бойын­ша техникалық қадағалауды және тех­ни­калық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін стандарты; «Сәулет, қала құрылысы және құ­ры­лыс саласындағы жобаларды бас­қару жө­ніндегі ұйымдарды аккредиттеу»; «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттар қабылдау»; «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру».