• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

БҰҰ халықаралық соты Жапонияға кит аулауға тыйым салды

685 рет
көрсетілді

БҰҰ халықаралық соты Жапонияның кит аулау жөніндегі бағдарламасының ғылыми мақсаты жоқ деп танып, оны уақытша тоқтатуға шешім шығарды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. «Франс Пресс» агенттігінің ақпары бойынша, әзірге бағдарлама қай уақытқа дейін тоқтатылатыны белгісіз. Жапония өкілдері соттың шешіміне өкініш білдіргенімен, оны орындауға мәжбүр болып отыр. Кит аулауға тыйым салу мәселесін БҰҰ халықаралық соты Австралия тарапынан түсірілген шағымға байланысты қолға алған еді. Сонда бағдарлама аясында жыл сайын 1000 кит ауланатыны мәлім болды. Ал кит өнеркәсібі жөніндегі халықаралық комиссия 1982 жылдан бастап кит аулауға шектеу қойған-ды. Осыған байланысты көптеген экологтар Жапонияға өз наразылықтарын білдірді. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lenta.ru. Фото: Reuters.com.