Спорттық арбитражды сот Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Ресей құрамасына қатысты шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ресей құрамасын барлық жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған болатын.
Өз кезегінде Ресей тарапы бұл шешіммен келіспейтіндіктерін байқатып, қарсы арыз түсірген еді.
Алайда спорттық арбитражды сот олардың өтінішін қанағаттандырмай қойды.