• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Наурыз, 2022

ФИФА Украинаға 1 миллион доллар көмек берді

889 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Украина тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында ақпарат тарады. Деректерге сенсек, ұйым гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жөнелткен. Аталмыш елге қол ұшын беру мақсатында халықаралық футбол федерациясы бір миллион доллар шамасында қаржы бөлген.

«Біз Украинадағы жағдайдың реттелгенін қалаймыз. Сондықтан да аталмыш елге қолдан келгенше көмек көрсетуге әзірміз. Бұл жұмыстар тоқтамақ емес», дейді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

Соңғы жаңалықтар