• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Пікір 24 Наурыз, 2022

Конституциялық соттың маңызы зор

2467 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының саяси және тарихи құндылығы өте ерекше екеніне талас жоқ.

Көпшіліктің күтіп жүрген үміттері ақталып, ел арасында тал­қыға түсіп үлгерген біраз өзек­ті мәселе халық назарына ашық, айқын және қарапайым тіл­мен жетті. Әрине, осы айтыл­ған құнды жайттардың түп мәнін түсініп, дер кезінде тиіс­ті іс-шара­лар қабылдап, жауап­кер­­шілікпен әрі нәтижелі іс жүр­гізсек, көп жетістіктерге же­туі­­міз айқын. Бұл жұмыстарға тек мем­­­ле­кеттік ұйымдардағы лауазым­ды тұл­ғалар емес, ел болып бар­ша­мыз­дың атсалысқанымыз абзал.

Жолдаудағы ерекше қолдау тапқан саяси жаңалықтың бірі – Мемлекет басшысының елі­мізде Конституциялық сот құру туралы ұсынысы. Ел Пре­зиденті өз сөзінде бұл шешімді Қазақ­стан­дағы түрлі құқық нор­ма­ларының Ата Заңға сәй­кестігін Конс­­ти­туциялық кеңес түсіндіре­т­інін, ал азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл мемлекеттік органға тікелей жүгіне алмайтынын бас­ты назарына алғанын айтты.

Ұзақ жылдар бойғы құқық қорғау, сот саласындағы және заң шығарушы өкілетті ор­гандағы тәжірибеме сүйене отырып, Мемлекет басшысының дәл қазіргі уақытта осы шешімді қабыл­дағанын қолдаймын. Бәрі­мізге мәлім, Қазақстан Конс­ти­туциясының 1-бабында «Қазақ­стан Республикасы өзін демо­кратиялық, зайырлы, құқық­тық және әлеуметтік мемлекет ретін­де орнықтырады, оның ең қым­бат қазынасы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бостан­дықтары», деп бекіт­кен. Ал бұл Конс­титуциялық қағидаттар бұзы­л­ған жағдайда кім болса да өз мүд­десін қор­ғау мақсатында Конс­титуция­лық сотқа жүгінуге құ­қылы. Оқырманға түсінікті болуы үшін Конституциялық сот пен Конституциялық кеңестің мәр­тебесіне және атқаратын мін­­деттері мен мақсаттарына кеңі­рек тоқтала кеткен жөн болар.

Өкілеттіктері бойынша, Конс­титуциялық сот неғұрлым кең құзыретке ие. Атап айтқанда, заңдардың ғана емес, орталық және жергілікті органдардың нор­ма­тивтік-құқықтық акті­лері­­нің де Конституцияға сәйкес­тігін қарастыра алады. Ал Консти­ту­циялық кеңес алдын ала бақылау жолымен заңды күшіне енбеген нормативтік-құқықтық акті­лерді қарайды. Өз кезегінде Конс­ти­туциялық сот одан кейінгі бақы­лау қызметін көбірек жүзеге асырады және заңды күшіне енген нормативтік актілерді қарайды.

Өтініш субъектілері бо­йынша Конституциялық сотқа жү­гі­нетін субъектілер көп, ең баст­ысы, бұл құқық азаматтар­ға беріл­ген. Конституциялық кеңес­те субъектілердің шектеулі тобы ғана болады, яғни оған мем­ле­кет­тік органдар мен лауазымды адам­дар ғана кіреді. Сонымен қа­тар Консти­ту­ция­лық соттың мәр­те­бесінің ай­қындалуы және судья­­ларды­ сайлау тәртібі әрі құ­ры­­лым­дық мәселелері де Консти­туци­я­лық кеңестен өзгеше болады.

Конституциялық соттар шет мемлекеттерде де бар. Атап айтқанда, Конституциялық сот 1920 жылы алғаш рет Аустрия­да пайда болды. Екінші дүниежүзі­лік соғыстан кейін Германия­да Конституциялық сот құрылған. 1963 жылы Конституциялық сот Югославияда, 1986 жылы Польшада, ал 90-жылдардың басын­да Шығыс Еуропа мем­ле­кет­терінің бәрінде және Ресей­де Конституциялық сот құ­рыл­­ған. Сол сияқты 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Мемлекет­тік тәуел­сіздігі туралы» Республи­ка­ның Конституциялық Заңы­мен Конс­титуцияны сот арқы­лы қорғау­дың жоғары органы ретінде Қазақ­стан Респуб­ликасының Конс­титуциялық соты құры­лып, өз жұмысын 1992 жылғы 6 маусымда «Қазақ­стан Респуб­лика­сының Конс­­титуциялық соты туралы» және «Конституциялық сот ісін жүргізу туралы» заң­дар қабыл­данғаннан кейін бас­тап кеткен болатын. 1995 жы­лы 30 тамызда Қазақстан Респуб­лика­сының жа­ңа Конституциясы қабыл­да­нуы­на орай жаңа консти­туция­лық қа­даға­лау органы – Конс­ти­ту­ция­­лық кеңес құрылды, соған бай­­ла­нысты 1995 жылы Қазақ­­стан Рес­публикасының Конс­титу­циялық соты өз қыз­метін тоқтатты.

 

Рамазан СӘРПЕКОВ,

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты