• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Қарағайлы қалаға айналады

411 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында «ЭКО әулет» акциясы аясында жергілікті Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері мен қала тұрғындары «Наурыз» саябағында 50-ге жуық қарағай мен үйеңкі отырғызды.

Осы игі шаруаның басы-қасында жүрген Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айман Исина акцияның мақсаты Жезқазған қаласын көгалдандыру және тұрғындарды осы акцияға белсенді түрде атсалысуға тарту екенін айтады.

– «Наурыз» саябағында өткен акцияға 50-ден астам адам қа­тыс­ты. Біз 28 қарағай мен 20-ға жуық үйеңкі көшетін отырғыздық, – дейді ол.

Айта кететін бір жайт, тал егу­шілер қарағай мен үйеңкі кө­шеттерінің күтімін өз мойын­да­рына алмақшы. Сонымен қа­тар олар күзде де осынша ағаш отырғызғысы келетіндіктерін айтады.

Акцияға қатысушыларға кө­шеттерді сатқан кәсіпкердің өзі де көмекке келіпті. Ол ағаштарды қа­лай дұрыс суару және баптау ке­ректігін егжей-тегжей түсін­дірген. Сондай-ақ бұл игі істен қа­ла тұр­ғындары да тыс қал­мапты. Олар­­дың көбі отбасы мүше­лерімен келіп, ағаш отыр­ғызу жұмыстарына бел­сене ат салысқан.

Жезқазғанды жасыл желекті қалаға айналдыруды мақсат еткен акция авторлары ағаш отырғызу челленджін жария еткен бетте оны қаладағы басқа ірі ұйымдар мен кәсіпорындар іліп әкетті.

 

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы