• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Сәуір, 2022

«Бозоқ» жобасының бірегейлігі

188 рет
көрсетілді

Елордада Ғылым күніне орай «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп,Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қатысуымен «Бозоқ» ұлттық паркі жобасы аясында түркі тарихи-мәдени мұрасын репрезентациялау мен зерттеудегі жаңа бағыттар» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Мазмұнды іс-шара ортағасыр­лық тарихты зерттеудің өзекті мәселеле­рін талқылау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қайта құру және олар­ды насихаттауда халықаралық тәжірибелерді зерделеуге арналды.

Бүгінде Қазақстан мен Түр­кия арасындағы достық, бауыр­лас­тық екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық қаты­нас­тарды ғана емес, мәдени-гума­ни­тарлық байланыстарды дамы­туға да мән берілген. Әсіресе бұған түр­кітілдес халықтардың тарихи тамыры мен мәдени құнды­лықтары ортақтығының ық­палы мол. Сон­дық­тан қос мемлекет ғалымдары арасындағы бай­ла­ныс тарихи-мәде­ни мұраны зерттеу, сақтау және репрезентациялау мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады.

Семинарда Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет ко­митеті төр­ағасының орынбасары Мақсат Ар­ғынбеков жиынның мақсатына тоқ­тала келіп, «Бозоқ» жобасының елі­міздің тарихи-мәдени мұрасын да­мытудағы болашағы зор екенін айтып, оны Үкімет тарапынан Мә­де­­ниет және спорт министрлігі қол­­дайтынын атап өтті. Сондай-ақ «Бо­зоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бурбаева ашық аспан астын­дағы «Бозоқ» ұлттық паркін құру жо­басын таныстырса, Түр­кия Мәдениет және ту­ризм министрлігі Коллекция­лар басқармасы филиалының ди­ректоры Азиме Евренсел «Бо­зоқ» жобасының бірегейлігіне таң­ғалып, тарихи-мәдени мұраны сақтайтын осындай ауқымды жобалар әлемде сирек кездесетіндігін сөз етті. Қазақстандағы ТІКА үйлес­тірушісі Хикмет Өзденоулу Түркия тарапынан жобаны іске асыруда ынты­мақтастыққа дайын екендігін айтып, тәжірибе алмасу үшін Түркияның музей ісінің жетекші мамандарын Қа­зақ­станға жіберу туралы ұсынысын жеткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан­ның музей қызметкерлері үшін Түр­кияның жетекші мәдени және ғы­лыми орталықтарына тағы­лым­да­ма­ ұйымдастыру, сол ел­дің ал­дыңғы қатарлы ғылыми және му­зей орталықтарының рес­тав­ра­ция­лаудағы, консерва­ция­лаудағы халық­аралық жұмыс тәжірибесін зерде­леу мен мәдени мұра саласындағы жетіс­тіктерін жұртшылыққа таныту мәселелері қозғалды. Сонымен қатар «Бозоқ» жобасын іске асыруда ашық аспан астындағы музейлердегі тарихи-мәдени мұраны репрезентация­лау жөніндегі ұсыным талқыланды.