• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қаржы 26 Сәуір, 2022

Биржадағы бағам құбылып тұр

147 рет
көрсетілді

Құбылмалылықтың өсуі, соның салдарынан инвесторлардың тәуекелге толы активтерге қырын қарауы қор нарығындағы белсенділікті төмендетті. Мәселен, 2022 жылғы наурызда «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі ақпан айымен салыстырғанда 42,1 пайызға төмендеген.

Наурызда Astana International Exchange – AIX-тегі сауда-саттық 7 645 505 долларды құрады. Ақпанда бұл көрсеткіш 13 195 870 долларға тең еді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бо­йынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржа­сын­дағы сауда-саттық көлемі 10 703 210 долларға немесе 24,8 пайызға төмендеген.

Наурыз айының соңында AIX-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың жалпы нарықтық капиталдандырылуы («Қазатомөнеркәсіп», Polymetal, «Халық банкі», Ferro-Alloy Resources Limited, «Банк ЦентрКредит», Kaspi.kz) 22,7 млрд доллардан асты.

Өткен айда AIXQI индексі қалпына келе бастады. Индекс­тің мәні 801.1 пункттен 932.51 пунктке (+16,4 пайыз) дейін өсті. 9 компанияның 5-і ай­ды жасыл аймақта аяқтады. Ай­дың қорытындысы бойынша, Central Asia Metals акциялары айтарлықтай өсті (+13,15 па­йыз). Наурызда компания 2021 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады. Онда түсімнің, таза пайданың өскені, акционерлерге дивидендтік төлемдер мөлшерінің артқаны және басқа да қаржы өлшемдерінің жақсарғаны айтылған.

Наурызда «Қазатомөнер­кәсіп­тің» акциялары 9,88 пайызға өсті. Өткен айда ұлттық компания әлемдік уран бағасының рекордтық өсуіне қарамастан түсі­мі­нің төмендегені туралы есеп берді. Бұған уранды ұзақ мер­зімді келісімшарттарда белгі­­­ленген бағаға сәйкес жет­кізуі кері әсер еткен.

«Банк ЦентрКредит» акция­лары 3,73 пайызға өсті, ал «Халық банктің» акциялары -1,02 пайызға төмендеді. Отан­дық банк секторы қаңтар оқиға­ларынан кейін шамалы әлсіреп қалды. Наурызда қалпына келе бастады. Бірінші тоқсандағы қарыз алушылар­дың кредиттік белсенділігі­нің тө­мендігіне және Ұлттық банктің ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде бір жылда екінші рет қабылдаған шешіміне қарамастан (базалық мөлшерлеменің бірден 13,50 пайызға дейін өсуі) ақпан айында несие портфелі 3,26 пайызға дейін өсті.

Kcell (0,59 пайыз) мен «Қазақ­телеком» (0,16 пайыз) акция­лары наурызда өсім көрсетті. KazTransOil акциялары -3,43 пайыз жоғалтты. Kaspi.kz акция­лары 15,44 пайызға төмендеді. Компания Лондон қор биржасында листингтен өткен жаһан­дық депозитарлық қол­хаттарды кері сатып алу бағ­дарламасын іске қосу мүм­кіндігі туралы хабар­лады. Компания басшысы­ның мәлім­деуінше, ағымдағы на­­рық­­тық капиталдандыру Kaspi.kz қыз­метінің нәти­желерін тиісті түр­де көр­сет­пейді. Компания ор­тамер­зімді перспективада өсу тра­ек­то­риясының келесі кезеңі үшін не­ғұрлым қолайлы биржада лис­тингті қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды деп күтілуде.

Ресейге жасалған санкция­лық қысым Polymetal бағасына кері әсерін тигізуде. Наурыз және ақпан айларында компания акциялары -13,06 және -65,63 пайызға төмендеді. Десе де ресми мәлімдемеге сүйенсек, санк­ция­лар компания­ның қызметі­не айтарлықтай әсер етпеген. Polymetal-ға нақты санкция салынуы екіталай. Бірақ мұны жоққа шығаруға да болмайды.