Наурыз айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 2 073 өтінішін қараған. Өтініштердің басым бөлігі банк секторының үлесіне тиесілі.
Банк секторына қатысты өтініштер жалпы келіп түскен өтініштердің 76 пайызын құрайды. Сонымен қатар өтініштердің 12 пайызы – микроқаржы ұйымдарына, 2 пайызы – сақтандыру компанияларына, 3 пайызы – коллекторлық агенттіктерге және 7 пайызы өзге ұйымдарға байланысты.
Агенттік бүкіл өтініштерді қарастыра келіп, жалпы сомасы 9,3 млн теңгеге 45 хаттама бойынша 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шараларын, 6 жазбаша ұйғарым және 15 әкімшілік жаза қолданған.
Даралап айтқанда, екінші деңгейдегі банктерге – 0,6 млн теңге сомаға әкімшілік құқықбұзушылық туралы 1 хаттама бойынша 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 1 әкімшілік жаза, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – 0,1 млн теңге сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша 1 әкімшілік жаза, коллекторлық агенттіктерге – жалпы сомасы 6,6 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 34 хаттама бойынша 9 әкімшілік жаза, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – жалпы сомасы 2,0 млн теңгеге әкімшілік құқықбұзушылық туралы 9 хаттама бойынша 6 жазбаша ұйғарым, 4 әкімшілік жаза қолданылады.
Сонымен қатар 2004-2009 жылдар аралығы кезеңінде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 193,6 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға 29 993 өтінімді мақұлдапты.
183,5 млрд теңге сомаға 29 063 қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 25,2 млрд теңге сомаға 2 413 қарыз қайта қаржыландырылған.
«Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастады. Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы желтоқсанда ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмысты аяқтады. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8 мың қарыз алушыға 50,9 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді», делінеді агенттік хабарламасында.