• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Референдум 31 Мамыр, 2022

Адам құқығы – айрықша мәселе

665 рет
көрсетілді

М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң уни­вер­ситетінде конституциялық реформалар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңінен сөз болған дөң­гелек үстел өтті. Іс-шараға депутаттар, оқу ордасының про­фессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Ата Заңымызда адам құқық­тары мен бостан­дық­та­рына кепілдік берілген. Маңыз­ды құжатта еліміздің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, құқық үстемдігі және демократия қағидаттары ерекше көрсетілген. Сондықтан мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақта­луы­на айрықша мән беріп келе­ді. Алайда, кейде халықтың құқығы ескерілмей жататыны да жасырын емес. Кездесу барысында депутаттар осы мәселені қозғады.

Сұрақ-жауап кезінде қа­ты­­су­шылар, әсіресе жас­тар жағы өз құқықтарын білеті­нін аңғартты. Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева кездесуде Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл инс­­­титуты заңнамалық маңыз­ды­лығына тоқталды. «Құ­қық­тық мемлекеттің негізгі құ­рам­дас бөлігі – адамның және аза­маттың құқықтары мен бос­тандықтарын іске асыру. Конституциядағы жаңа бап және Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл туралы консти­ту­ция­­лық заң болашақта уәкілдің толық тәуелсіз және тек заңға бағынатындай жағдай жасайды. Кез келген тұлғаға немесе мекемеге өз функциялары мен міндеттерін орындатуға тыйым салынады. Омбудсмен ешбір саяси партияның мүшесі бола алмайды. Яғни, адам құқығын, әрбір қазақстандықтың құқы­ғын қорғайтын толық тәуелсіз институт пайда болады», деді құзырлы органның қызметін атап өткен депутат.

Ал Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жер, су ре­сурстары халықтың мен­шігінде болатынын атап өтті. «Еліміздің ұлан-ғайыр жері әрбір тұрғынға тиесілі, ше­тел­діктерге беріл­мей­ді және сатылмайды. Халық өз игілігіне тиімді пайдаланып, қастерлеу қажет. Өзен-көл, тау сулары да ел азаматтарына тие­сі­лі. Бір есте сақтар нәрсе әрбір тіршілік көзін табиғат берген қалпында ұрпаққа аманат етулеріміз қажет», деді сенатор.

«Референдум: 2022 заманауи өзгерістер» іс-шарасы барысында университет профессорлары Арман Шөкеев, Сергей Ударцев, Индира Мұ­ра­това да ой-пікірлерін ор­та­­ға салды. «5 маусым елі­міз­дің Конституциялық заңына өзге­рістер енгізілетін тарихи сәт. Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси науқанға үлкен жауап­кер­шілікпен қарап, белсенділік танытуы тиіс. Тек сонда ғана Жаңа Қазақстанға қол жеткізе аламыз», деген оқытушылар дауыс беруге қатысудың маңыз­ды­лығын алға тартып, сту­дент­­терді референдумды бір­ауыз­дан қол­дауға шақырды.

М.Нәрікбаев атындағы Қазақ МЗУ конституциялық өзге­рістерді жастарға жіті тү­сін­діруде түрлі іс-ша­ра­­лар ұйым­дастырып, ақ­параттық-түсіндірме жұ­мыс­тарына айтар­лықтай үлес қосып келеді. Мәсе­лен, «Қа­зақстанның 2022 жылғы конституциялық рефор­ма­сы­ның қоғам мен мемлекетті од­ан әрі жаңғыртудағы маңыз­ды­лығы» дәрісіне Сенат депутаты Қанатбек Сафинов ша­қы­рылып, студенттермен бірге елдегі басты мәселелерге тал­дау жасалды. Оның айтуын­ша, референдум – маңызды саяси өзгеріс. Себебі, 1995 жыл­­дан бері Конституцияға де­мократты түрде өзгерістер ен­­гізілмеген. Дәріс кезінде Қ.Сафинов жастардың жұмыс­сыз­­дық мәселесін де қозғады. «Жоғары оқу орнын бітірген түлек­тердің 40 пайызы өз ма­ман­дығымен қызметке бармай­ды. Ал 12%-ы аяқтаған маман­ды­ғы бойынша мүлдем жұмыс та іздемейді» деді дәріс барысында депутат.