• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2022

Маңызды мәселелер шешімін табады

204 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылады.

Ауылдық округ тұрғындары депу­татқа тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, электрмен жабдықтау және газ­бен жабдықтау, жер учаскелерін бөлу, жол салу және жөндеу, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отба­сы­ларға материалдық көмек көрсету мәсе­лелері туралы айтып берді.

«Бүгін кездесуде көтерілген маңызды мәселелер жергілікті органдармен және Үкіметпен бірлесіп бір жүйеде ше­шіледі», деп атап өтті сенатор.

Сенатор ауыл тұрғындарының өті­ніші бойынша Үлкен Алматы айналма автожолының құрылыс барысымен де танысты.

 

Алматы облысы