• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 12 Шілде, 2022

Суретшілер Түркияда бас қосты

516 рет
көрсетілді

Ыстамбұл қаласында 23 маусым мен 3 шілде аралығында түркі су­рет­­ші­лерінің көрмесі өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбек­стан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінен суретшілер қатысты.

Әзербайжан суретшісі Сакыт Маммадовтың кураторлығымен өткен жиын аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылған. Көрмеге қатысу­шылар Түркияның жас сурет­шілеріне шеберлік сағат­тарын өткізді. Одан бөлек галереяда үлкен көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға Қазақстаннан барған суретші Сембіғали Сма­ғұл «Ай ұстаған абадан» қас­қыр мүсінін алып барған. Көрер­мендердің ерекше назарына ілік­кен өнер туындысы қала мэрі Икрам Имамоғлұның ұсыны­сымен Ыстамбұлдың көрікті бір жеріне қойылмақ.

Қазақстандық суретшінің айтуынша, аузына Ай тістеген қасқыр мүсін түркі халықтарының қайта жаңғыруының символы ретінде жасалған.

«Түркі халықтары тотемі­нің бірі қасқыр көп символдарда Айға қарап ұлып тұрады. Жалпы, шығармашылық адамдары яки билік өкілдері қоғамда бір өзгерістер жасап отырады. Мысалы, мен мұнда қасқырдың Айға қарап ұлымай, сол Айды ұстаған заман келетінін меңзедім. Бұл ғасырда түркі халықтарының басы бірігіп, бірлігі артады деп сенемін. Түркияда өткен көрме де барша түркі халықтарына ортақ мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп отыр», дейді С.Смағұл.

Айта кетейік, қала мэрі әр қатысушының бір-бір жұмысын өз музейіне сатып алған. Оған қоса түркиялық кәсіпкерлерді көрмеге шақырып, туындылардың сатылуына ықпал еткен.