• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2014

Неміс жазушысының қазақшаға аударылған кітабының тұсаукесері болды

448 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 сәуір. Бүгін сағат 15:00-де Ұлттық академиялық кітапханада неміс қаламгері Элеонора Хуммельдің «Берлин балықтары» романының қазақ тіліне аударылған нұсқасын оқырманға таныстыру мақсатында арнайы тұсаукесер рәсімі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кітапта елімізге көшіріліп әкелінген немістердің соғыстан кейінгі тіршілігі баяндалған. Тұсаукесерді танымал жазушы Мереке Құлкенов жүргізеді. Элеонора Хуммель 1970 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Астана) туған. Ол 10 жасында отбасымен бірге тарихи отанына қоныс аударған. Романның авторы жазушылықпен жастай шұғылданады. 1995 жылдан бері түрлі әдеби журналдарда шығармалары жарияланып келеді. 2006 жылы Штейдль/Гёттинген баспасынан жарық көрген осы еңбегі үшін ол «Роберта Бош» қорының Адельберто фон Шамиссо атындағы ынталандыру сыйлығын иеленген. Ал «Берлин балықтарын» қазақ тіліне аудармашы, журналист Рауза Мұсабаева тәржімәлады. Романның ана тіліміздегі нұсқасы «Мерекенің баспалар үйі» баспасынан жарық көрді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Facebook.com.