• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2022

Миллениалдар мен зумерлер дәстүрлі жұмыс форматын өзгертуге бейілді

374 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда жұмыс күшінің көп бөлігін 18 бен 41 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Бұл жас шамасындағы жұмысшылар – миллениалдар мен зумерлер буынына жататын ұрпақтар. Яғни 1980-1990 жылдары туғандар миллениалдар болса, 1990-2010 жылғылар интернет буыны болып саналады. Microsoft Work Trend Index 2022 зерттеуінде осы санаттағы қызметкерлердің жұмыстан не қалайтыны, олардың өміріндегі жұмыстың рөлі қандай екені жан-жақты қарастырылды. Нәтижесінде, миллениалдар мен зумерлердің 49%-ы биыл жұмыс орнын өзгертуге құлықты екені анықталды.

Қазіргі кезде азаматтар жұмыс­қа орналасарда еркіндік пен икем­ділікті басшылыққа алатыны бел­гілі. Ал мұндай өзгерістерді ең көп қолдайтындар 18 бен 41 жас аралығындағы жұмысшылар екен. Microsoft зерттеуіне сәйкес, миллениалдар мен зумерлердің 49%-ы гибридті жұмыс моделіне, ал 46%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшу мүмкіндігін қарастыруға да­йын. Олар басқа буындарға қара­ғанда уақыт пен жұмыс орнын таңдау еркіндігіне көп көңіл бөледі.

Work Trend Index-тің 2022 жылғы есебі бойынша мыңжылдықтар мен мыңжылдықтардан кейінгі буын қызметкерлеріне икемділік қажет емес. Есеп бойынша, бұл қызметкерлер үшін жалақыдан ке­йінгі басты басымдықтардың бірі – жұмыс орнындағы оң мәдениет (46%), әл-ауқат (42%) және мақсат немесе мағына сезімі (40%).

Зерттеу көрсеткендей, жас ұр­пақ өкілдері жұмыстан кету­ден қорықпайды. Еуропада сауал­да­маға қатысқандардың жартысына жуығы (49%), ал Таяу Шығыс және Африка бойынша орташа есеппен 36%-ы биыл жаңа жұмысқа ауысуы мүмкін. Тағы 31%-ы қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа жұмыс іздейтінін атап өтті.

Бүгінгі таңда миллениалдар мен зумерлер өкілдері жұмыс күшінің едәуір бөлігін құрайды және болашақта олар жетекші лауазымдарға ие болады. Үздік таланттарды тарту үшін қазір және болашақта ұйымдар қыз­мет­керлердің қалауын, талабын қана­ғаттандыру үшін жұмыс әдіс­терін бейімдеуге мәжбүр болады. Сондықтан HR мамандары мен бизнес көшбасшылары осы топтар қатысатын, адалдықты сезі­нетін және өз мақсаттарын нақ­ты түсінетін компаниялар құруға мәжбүр болады.

Microsoft CEE Multi-Country Modern Work бағыты бойынша директоры Кетеван Ратиани­дің айтуынша, кейінгі 2 жылдағы тәжірибені және осы кезеңдегі өзгерістерді жою мүмкін емес. Менеджерлерге қызметкерлердің қалауына бейімделуге мүмкіндік беру бизнесті ұзақ мерзімді жетіс­тікке жетуге көмектеседі.

Аталған зерттеуден шыққан қорытынды – қызметкерлердің қалауын қанағаттандыру үшін HR мамандары мен бизнес көш­басшыларының ойлау қабі­летін өзгерту қажет, оның ішінде коман­далардың қалай жұмыс істейтінін, кеңсенің рөлі қандай және менед­жерлердің құқықтары мен мүмкін­діктерін қалай кеңейту керек еке­нін қайта ойластыру маңызды. Жұмыс орнындағы жағымды кор­поративті мәдениеттің маңыз­дылығы мен икемділікке деген ұмтылыстың артуына байла­нысты менеджерлер қызметкер­лер мен менеджерлердің рөлі мен міндеті, сондай-ақ гибридті жұмыс қалай жұмыс істейтіні туралы нақты түсінікке ие болу үшін өз командаларының жұмыс әдістерін бейімдеуі керек. Алайда бұл жаңа нормаларды бірнеше компаниялар ғана (тек 27%) нақты анықтады. Тиімді гибридті командаларды құру үшін менеджерлер командалық келісімдерді енгізіп, кеңседе «неге», «қашан» және «қалай» деп белгілеуі керек. Бұл дегеніміз жеке ынтымақтастық­тың мақсаттарын сәйкестендіруді, жиналыс ережелерін, гибридті кездесулердің этикетін және кеңіс­тіктің қалай қолдау көрсете алатынын қайта қарастыруды білдіреді.

Бұл өзгерістер кеңседе немесе қашықтан жұмыс істейтініне қарамастан, барлық қызметкер үшін бірдей қызықты жұмыс тәжірибесіне кепілдік беруі керек. Егер көшбасшылар технологияны дұрыс қолданса, цифрлы ынтымақтастық мәдениеті гео­гра­фиялық қашықтықты және бас­қа да айырмашылықтарды жеңу­ге көмектеседі. Әмбебап тә­сіл жоқ. Сондықтан кеңсе қызмет­керлерінің барлығына тиімді болуы және икемді, гибридті жұмыс шынымен жұмыс істеуі үшін күш қажет. Кадрлар бөлімінің басшылары өзгерістерді тиімді енгізуде шешуші рөл атқаратын болады. Технологиялық және мә­де­ни өзгерістер арқылы қызмет­керлердің жаңа үміттеріне бейім­деле отырып, ұйымдар болашаққа сенімді бола алады және гибридті жұмыстан толықтай пайда көре алады.