• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2022

Мыңға жуық баланы кене шақты

1506 рет
көрсетілді

Жаз айларында кене шағу қаупі күшейетін аймақтың бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Қанша сақтанғанмен, бұл жәндікке тап болатын тұрғындардың саны азаймай тұр. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Биыл көктем шыққалы бері өңірде мыңға жуық баланы кене шағып алған.

Шығыс Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемио­ло­гиялық бақылау департа­мен­тінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақ­тар­да 3 346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккен­дер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.

«Кене энцефалитіне шалдық­қан 8 адам тіркелген. Бұл нау­қас­­тардың ешқайсысы кене шақ­қан­нан кейін медициналық кө­мекке жүгінбеген. Дәрі­гер­лерге уақтылы, яғни үш күн­нен кешіктірмей қаралған адам­дардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ. Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағ­дай­да жүргізіледі. Инфекция жұқ­тырған өңірдің 7 тұрғыны жұқ­палы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жат­қы­зылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды», де­лін­ген аталған департамент берген ақпаратта.

Бұл ретте мамандар қауіп­ті жәндіктің белсенді болатын маусымы балалардың жазғы демалыс уақытына сәйкес келе­тінін, сондықтан кіш­кен­тай­лардың қауіпсіздігіне ба­рынша сақ қарау керек екенін ескертерді. Табиғатта, саябақта, жазғы саяжайда серуендеу кезінде баланы кене шағудан қорғау үшін шашы мен аяқ-қолын ашық қалдырмай, мейлінше жабық киіндіру ұсы­ны­лады. Яғни ба­ла­ның басына шарф байлау немесе баскиім кигізген, сондай-ақ футболка емес ұзын жейде, шортының орнына ұзын шалбар, ашық сандалдарды жабық аяқкиіммен ауыстырған жөн. Бұған қоса киім­нің ашық түсті болуына мән беру керек, сонда кене көзге жақсы көрі­не­ді.

Қауіп аяқ астынан, егер кене шағып алса, оны алып тастамай, дереу жақын маңдағы жарақат орталығына немесе емханаға хабарласу керек. Яғни бірден медициналық көмекке жүгінген абзал.