• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 11 Тамыз, 2022

Сақ дәуірінен жеткен қазан

543 рет
көрсетілді

Көне Тараз топырағында жүргізілген әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде табылған көне жәдігерлер тарихтан тамыр тартып тұрады. Содан да болса керек, облыстық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны сиреген емес. Тіпті Қарахан мен Айшабибі кесенесін көруге келген туристер де музейге бас сұқпай кетпейді.

Музей қорындағы көне жәдігерлердің бірі – сақ дәуірінен жеткен қола қазан. Деректерге көз жүгіртсек, бұл жәдігер ІV-VІІІ ғасырлардан сыр шертетін көрінеді. Аталған қазанды кезінде тараздық азамат кездейсоқ тауып алған деседі.

«Сақ дәуірінен жеткен қола қазанды 2006 жылдың жаз мезгілінде Тараз қаласының тұрғыны С.Кудрин Ақсу-Жаба­ғылы қорығы маңынан кез­дей­соқ тауып алып, музей қорына әкеп өткізген. Біздің қордағы еш бөлігі сынбай, бүтін күйінде жеткен ерекше жәдігерлердің санатына жатады. Деректерге сенсек, сақ тайпасының өкілдері құрбандыққа шалған мал етін дәл осындай қазанға салып асатын болған екен. Қазанның сыртқы бөлігінде жарты шар тәрізді өрнектер сақталған. Ол байқап қараған адамға айқын көріне­ді», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия­лық және көпшілікке қызмет бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлова. 

 

Жамбыл облысы