• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Тамыз, 2022

Рубльдің қарқыны бәсеңдеді

161 рет
көрсетілді

Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы-мемлекетке қатысты кезекті макроэкономикалық шолуын жариялады. Онда елдердің даму бағытына қысқа мерзімді перспектива аясында баға берілген.

Шолуда өңірдегі экономикалық даму­дың көп қырлы бағытын атап өтеді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша Ресей мен Белоруссияда құлдырау (0,5 пайыз және 4,2 пайыз) байқалады. Ал өзге қатысушы-елдердегі ішкі жалпы өнім сенімді түрде жоғарылаған. Атап айтсақ, Арменияда – 11,8, Қазақстанда – 3,4, Қырғызстанда – 6,3, Тәжікстанда – 7,4 пайыз.

ЕАДБ аналитиктерінің пікіріне қара­ған­да, 2022 жылдың қорытындысы бойын­ша экономикалық көрсеткіштер бірқатар елде болжамнан да жақсырақ болып шы­ғады.

«Бұған, атап айтқанда, енгізілген шек­теулерге бейімделудің айтарлықтай жо­ға­ры қарқыны және мұнай өндірудегі санк­ция­лар­дың кешіктірілген сипаты ықпал етеді. Өңірдің экономикасын қолдауға билік шаралары да әсерін тигізіп жатыр. Дегенмен екінші жартыжылдықтағы эко­но­микалық динамикаға сыртқы конъ­юн­к­тураның нашарлауы айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Еуроаймақ пен АҚШ-та рецессия ықти­мал­ды­ғы жоғары. Ол рецессия тым терең болмайды деп күтіледі. Дегенмен бұл жағдай аймақ елдерінің экспорттық тауарларына әлемдік эко­но­ми­кадағы сұ­ра­нысқа кері әсерін тигі­зеді», дейді сарапшылар.

Банк шолуында маусым мен шілдеде рубльдің айтарлықтай нығаюы болғанын, бірақ сол нығаюдың артта қалғанын мә­лімдейді. Алдыңғы макроэкономикалық шолуда ЕАДБ сарапшылары рубльдің мұндай нығаюы Ресей экономикасы үшін жа­ғымсыз факторға айналуы мүмкін еке­нін көрсететін есептеулерге сілтеме жа­­са­ған.

Сарапшылардың айтуынша, рубль екінші жартыжылдықта бюджет пен экспорттаушылар үшін қолайлы деңгейге кө­шеді. Бұл қозғалыстың қарқындылығы ең алдымен импортқа сұраныстың қалпына келуіне байланысты болмақ.

Қазір Қазақстанның айырбастау бекет­те­рінде 1 рубль 7,9 теңгеден саудаланып жатыр.