• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 14 Қазан, 2022

Студент те сауатты тұтынушы

268 рет
көрсетілді

Бүгінгі заманның адамы шаруаға ширақ, санасы сергек, өмірге бейім келуі үшін күнделікті тұрмыс-тіршілікте туындайтын жағдайларда шешімтал бола білгені жөн. Яғни кез келген жағдайда ақысын ажыратып ала алатындай сауатты болу – өз құқын қорғай алатындай «сауытты» болу деген сөз. Бұл ретте «Тұтынушылық білім беру академиясы» қоғамдық-коммуникациялық науқаны аясында «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы ел өңірлерінде студенттерге шеберлік сабағын өткізіп, біраз жайттың қыр-сырына қанықтырып жатыр.

Аталған акция аясындағы кезекті іс-шара Астанадағы Л.Н.Гуми­лев атын­дағы Еуразия ұлт­тық универ­сите­тінде өтті. Тұ­ты­ну­шылық сауатты арттыруға арнал­ған шеберлік сабағын «Қазақстан тұты­ну­шылар лигасы» қауымдастығының басқарма төрағасы Светлана Романовская жүргізді.

Шеберлік сабағы «Тұтыну­шы­лардың құ­қығын қорғау», «Медиация тұты­ну­шылар мен өндірушілер арасындағы дауларды шешу құралы ретінде» және «Мүдделік қолдау» сияқ­ты тақырыптарды қамтыды. С.Романовскаяның айтуынша, тауарлар мен қызметтер нары­ғын­дағы тұ­тынушылардың құқы­ғы күн сайын бұзылады және шағымдардың негізгі бөлігі жо­сық­сыз кәсіпкерлердің тарапына бағытталады. Атап айтқанда, адамдар өз ұстанымдарын бел­сен­ді түрде жариялай бастады және жеке құқықтарын сақтауды талап ете бастады. Бұл ретте тұтыну­шы­лар­дың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекет те, ҮЕҰ да үлкен рөл атқарады.

«Мысалы, 2020 жылы туристік агент­тік­тер ақша ше­телдегі серік­тестерге ауда­рыл­ғанын және оны қайтару мүм­кін еместігін желеу ете отырып, пандемияға байланысты орындалмаған турлар үшін ақшаны қайтарудан бас тартты. Тұты­ну­шылар белсенділік танытты және бізбен бірге ақшаларын шағымдану немесе медитация арқылы қайтара алды. Жалпы алғанда, 2020 жылы бізге 8 802 қазақстандық жүгінді және бір­лес­кен күш-жігермен біз сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 403 млн-нан аса теңгені қайтара алдық», деді С.Романовская.

Шеберлік сабағы барысында қатысу­шылар көкейінде жүрген сауалдарын қо­йып, мәселені көпшілікпен бірге ашық, жан-жақты талқылады. Мәселен, көп­пә­терлі үйлердің тұрғындары жауап табу­ға тырысып жатқан сұрақтардың бірі – тұрғын үйді басқаруды ПИК-тен МИБ-ке, яғни тұрғын үй иелеріне қалай дұрыс беру керек мәселесі. Белгілі болғандай, өз үйіңізді басқарудың алғашқы әрекеттері оң нәтиже көрсете қоймайды. Тұрғындар арасында кикілжіңдер туындайды, үйдің әрбір тұрғыны тізгінді өз қолына алуға, яғни электр қуаты, жылыту, үйді сумен қамта­масыз ету жауапкершілігіне ие болуға дайын емес. Міне, осы сияқты мәселелер бойынша жас­тар білікті маманнан тұшымды кеңес ала алды.

Сонымен қатар зиянды азайту тұ­жы­рым­дамасы тұрғысынан тұтыну­шыларды денсаулығын қорғау туралы хабардар ету қа­жет­тілігіне ерекше назар ауда­рылды. Бұл мәселенің мәні, көп­теген тұтынушы темекі шегу, алкоголь, семіз­дікке ұшырататын та­ғамдар және т.б. сияқты жаман әдет­тер­­ден бас тарта алмайды. Мұн­дай жағдайларда азаматтар зиянды азайту тұжырым­да­­масымен кеңінен танысса, зиян­ды емес баламаларды таң­дап, тиі­сінше денсаулығына аз зиян келтіруі мүмкін.

Мүд­делік қолдау мәселе­ле­рін шешуде биліктің барлық деңгейінде халық­тың әлеу­мет­тік осал топтары мен қоғам­дас­тық­тардың мүдделерін дұ­рыс білдіру және ілгерілету, сондай-ақ тұты­ну­шылық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешу қажет. Дауларды сотқа дейін шешу тақырыбы жастардың үлкен қызығушылығын тудыр­ды. Заң мұндай жанжалды жағ­дайларды, мысалы, ерлі-зайыптылар, туыс­тар, іскерлік серіктестер арасында туындаған жағдайларды соттың араласуынсыз шешуге мүмкіндік береді. С.Романовская Қазақстанда әрбір екінші неке отбасылық өмірдің бірінші жылында келісе алмау, медиация не­­гіздерін білмеу себебінен бұ­­зы­латынын еске салды.

Белгілі болғандай, жеке кәсіп­кер­лер­дің әртүрлі қызмет­теріне тапсырыс беру кезінде азаматтар қаржылық келіс­пеу­шіліктерге жиі тап болады. Басты себептердің бірі – шартты сауатсыз жасау, тұтынушының құқықтарын біл­меу. Сауда-бөлшек сауда желі­сіне көптеген сұрақ пен шағым келіп түседі және оның барлығы негізінен сапасыз тауарларды сатқаны үшін қолма-қол ақшаны қайтарудан бас тартуға байланыс­ты болады.

Сондай-ақ шеберлік сабағына қатысу­шы­лар жәбірленушінің өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтірмеген ауыр қылмыс үшін қылмыстық жазадан кімнің заңды түрде құтылу мүмкіндігі бар екенін білді. Бұған қоса қандай қылмыстар медиация рәсіміне жатпайтынын анықтады. Бұл – азаптау, сыбайлас жемқорлық, терроризм, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар және бас­қалар.

Бүгінде азық-түлік пен күн­делікті тұтыну тауарлары баға­сының өсуімен қатар, халық денсаулығына қауіп төн­ді­ретін жалған сапа сертификаттары бар контрафактілік өнімдердің саны артып келеді. Осы жылдың алғашқы 7 айында Қазақстан тұтынушылар лигасының мамандары мемлекеттік органдармен бірлесіп, басым бөлігі импорттық өнімдер болып ке­летін 3 мыңға жуық қауіпті та­уар­ларды анықтады.

Осындай шеберлік сабағы еліміздің 10 өңірінде өтеді. Астана қаласын қосқанда, енді Петропавл, Ақтау, Павлодар, Қара­ғанды, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларында «Тұтынушылық білім беру академиясы» қоғам­дық-коммуникациялық нау­қаны аясында іс-шаралар ұйым­дас­ты­ры­лады.