• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Қазан, 2022

Мазмұнды кездесу

284 рет
көрсетілді

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен офлайн және онлайн форматта Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті.

Нұрлан Әбдіров клуб қатысу­шыларын Президент сайлауын өткізудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ сайлау науқанының барысымен таныстырды. Жастардың сайлау үдері­сіндегі электоралдық мәдениеті мен белсенділігін арттырудың маңыз­дылығы жайында ашық және мазмұнды талқылау болды.

Клуб қатысушылары өткен сайлау науқандарындағы өздерінің кандидаттар, сенім білдірілген адамдар және ұлттық байқаушылар ретіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Жастардың сайлау институтына деген қалыптасқан сенімсіздігінің, сайлау үдерісінің кейбір қатысушылары арасында құқықтық сауатсыздықтың болуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының жас сайлаушылармен оқыту және ақпараттық-түсіндірмелі бағыттағы жүйелі жұмысты жал­ғастыруы туралы ұсыныстар айтылды. Бұл орайда қатысушылардың басым көпшілігі Орталық сайлау комиссиясының ағымдағы сайлау науқанында жастар ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдеріне арнап өткізген семинарларын оң тәжірибе ретінде атап өтті.

Президент сайлауына байланысты сайлау үдерісінің ашықты­ғын қамтамасыз ету, ұлттық бай­қаушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ жас электораттарға арнал­ған ақпараттық-коммуникациялық жұмысты жаңғырту туралы ұсыныстар айтылды.