• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 02 Қараша, 2022

Бәсекелестікті арттыратын жоба

213 рет
көрсетілді

Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ЕМВА/МВА бағдарламасы ашылды. Азық-түлік өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, агробизнес және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі саласында мамандар мен кәсіп­кер­лерді даярлауға бағыт­талған инновациялық жоба­ның ашылу салтанатына қатысқан Ауыл шар­уа­шылығы министрлігі Ұлтт­ық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Дархан Балпанов уни­вер­ситеттің алғаш­қы­лар­дың бірі болып ен­гізіп отыр­ған бас­тамасына қолдау көр­сетті. Ол тың бағыт жо­ға­ры білім берумен қатар, ғы­лым­ды дамытуға, биз­несті және жалпы ауыл шаруа­шы­лы­ғын өр­кен­детуге зор ықпал ете­ті­ні­не сенім білдірді.

Заманауи мүмкіндіктерді игер­­ген шетелдік және отан­дық биз­нес-тренерлердің қа­ты­сумен жүзеге асатын инно­ва­циялық жоба бизнес-білім беру нарығында бәсекеге қабі­лет­тілікті арттыру мен әлем­дік тәжірибелерді қолдануды мақ­сат етеді. Өз кезегінде Қаз­ҰАЗУ басқарма төрағасы – рек­тор­дың міндетін атқарушы, ака­де­мик Қанат Тіреуов ЕМВА/МВА бағдарламасы Қазақстанда, Орталық Азия ел­де­рін­де агросектор мамандарын даяр­­­лау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, экспорттау­мен және азық-түлік өнімдерін өңдеумен айналысатын жұмыс берушілермен ты­ғыз байланыс орнату бағы­тын­да­ғы бағдарлама екенін атап өтті.

Осы орайда АҚШ-тың Ал­­­ма­­­ты­­дағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж ауыл шаруашылығы жақ­­сы дамы­ған штатта туып-өске­нін және азық-түлік өндіру мәсе­ле­сі­нің әлемдік деңгейдегі проблема еке­ніне тоқталып, ЕМВА/МВА аясындағы жаңа бастама агро­сек­тордың дамуы­на, осы салада еңбек ететін білікті, кәсіби мамандар даяр­лауға мүмкіндік беретінін жет­кізді.

Профессор Рафис Абазов бағ­дарламаның әлемдік бизнес – білім беру кеңістігіне интеграциялануы, ауыл шаруа­шы­лықты өңірлерде агробизнес және кәсіп­кер­лік саласындағы бағ­дар­ла­ма­лар­ды дамыту, іске асы­ру, отан­дық және халықаралық биз­нес – білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамта­ма­сыз ету мен заманауи технологияларын мең­гер­ген кәсіби басқару кадрларын даяр­лаудағы мүмкіндіктеріне тоқ­талды.

Жиын барысында, сонымен қатар БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің директоры Властимил Самек, Түркияның Алма­тыдағы Елшілігінің вице-консулы Шермин Текин, Фран­ция-Қазақстан СӨП Бас дирек­торы М.Артықбекова, Медеу ауданы әкімінің орынбасары А.Нұрлыбаев, «Sanaly Urpaq» рес­пуб­­ликалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев, Алматы қалалық «Ата­ме­кен» кә­сіп­­кер­лер пала­та­сы­­ның директоры А.Қошмам­бетов қа­тысып, пікір білдірді.

Мамандар бағдарлама аграр­лық секторда жаңа үлгідегі бас­қару­шыларды даярлауға септі­гін тигізетінін жеткізді. Алдағы уақыт­та Польша, Қытай, Нидер­ланд, Түркия және АҚШ-тан халықаралық жаттықтырушылар мен оқытушылар шақырылады.

 

АЛМАТЫ