Қазақстандағы қазіргі сайлау науқаны тез өзгеріп жатқан әлем аясында, сонымен бірге республикада өрбіген қоғамдық саясат дәуірі белгісімен өтуде. Еліміз ішкі келісім мен бейбітшілікке деген дәстүрлі ұстанымды, сондай-ақ сыртқы кеңістіктегі жұмсақ шығармашылық дипломатияны жақтайды.
Адамзат өркениетінің дамуы бұдан бөлек, бізден қазіргі заманғы сын-қатерлерге, технологиялық прогреске және нарықтық бәсекелестіктің қуатты өсуіне сәйкесінше ден қоюды талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қоғамымыз бен мемлекетімізді одан әрі дамыту үшін уақтылы және қажетті шешім болғаны сөзсіз.
Бүгінгі күн шындығының орасан зор әлеуетін пайдаланып, соңғы онжылдықтарда республиканың саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде жинақталған өзекті мәселелерді шешетін кез келді. Мен де, кандидатурамды ұсынған «Ауыл» партиясы сияқты, осы тарихи мүмкіндікті барынша пайдалануға ниеттімін!
Менің сайлауалды бағдарламам:
- дала демократиясының принциптері;
- жоғары рухани-адами мәдениет;
- қуатты аграрлық сала және бақуатты өңірлер тәрізді біздің басты ұлттық артықшылықтарымызды барынша іске асыруға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.
Ата-баба мұрасын қастерлей құрметтейтін және ұлт болашағы үшін бар пейілімен алаңдайтын әрбір қазақстандық менің бастамаларымды қолдайтынына және Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту жолындағы ортақ істе қозғаушы күшке айналатынына сенімдімін.
Дала демократиясы – әділетті Қазақстан кепілі!
Қазақстан – адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бірегей және өзіне ғана тән жүйесі бар көшпелі өркениеттің тарихи орталығы. Демократия қағидаттары көшбасшылар сайлауы ашық, бейбіт және жоғары бәсекелестік жағдайында өткен қазақ хандығы кезеңінде басталды. Қазіргі жағдайда мұндай саясат оның негізгі үш компоненті:
- Мемлекет басшысының прагматизмі;
- оны қоршаған ортаның даналығы;
- азаматтық қоғамдағы әділеттілік үстемдігі сақталуын, ең бастысы сауатты үйлесімін қамтуы керек.
Қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар жалпыға ортақ игіліктерді бөлудегі жалпы әділетсіздік пен билікке жақын байлар және кедейлер мен қарапайым халық, қала мен ауыл арасында үлкен алшақтықтың пайда болуына байланысты болғанын білеміз.
Авторитарлық жүйе қоғамда мемлекетті басқарудың мүлдем жаңа формациясын құруға деген ұмтылысты оятты.
Сондықтан мен:
Еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының басты қағидаты – билік халыққа тиесілі дегенді сөз емес, іс жүзінде жүзеге асыруға; Еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға, мұғалім, дәрігер және Отан қорғаушы мамандығын қастерлеуге, қызметкерлердің осы санаттарының еңбекақы деңгейінің қазіргі қажеттіліктен кем емес болуын қамтамасыз етуге; Ауылдың өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын іске асыру арқылы орталық пен өңірлер арасында ортақ игіліктерді тең және әділ бөлуге; Бюджеттік жоспарлау процесінің, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар қызметінің, Ұлттық қорды және зейнетақы активтерін басқарудың барынша ашық болуына; Мемлекетті басқару ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының, пікір көшбасшыларының, қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, ғылым және білім қайраткерлерінің ықпал ету саласын кеңейтуге және мәртебесін арттыруға; Біздің күшіміз бейбітшілік пен тату көршілікте. Әлемдік қоғамдастықтың дәстүрлі ұлттық қонақжайлылықты Қазақстанның әлсіздігі емес, жағымды бейнесінің негізі ретінде қабылдауына ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ТЫРЫСАМЫН.Жоғары мәдениет – қоғамды жаңарту негізі!
Қазақстанның жоспарлы экономикадан кетуі қоғам білімнің, шығармашылықтың, еңбектің ашық бәсекелестік жағдайларына тез бейімделуіне жағдай жасады. Жағдайдың түбегейлі өзгеруі саясатта да, әлеуметтік салаларда да құрылымдық реформалар жасады. Мұндай күрт өзгерістен қоғамның рухани-адами мәдениеті мен санасында көптеген олқылық, теріс салдар пайда болды. Ол адамдардың белгілі бір бөлігінің «жеңіл ақшаға» деген шамадан тыс құштарлығын арттырды. Нәтижесінде ол көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықтың артуына, бағаның негізсіз өсуі мен шенеуніктердің әрекетсіздігіне, тәуелділік пен тұтынушылық көзқарастың пайда болуына, жастардың әлеуметтік желілердегі әдепсіз мінез-құлқы және тағы басқа жағымсыздықтарға әкелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте (зұлымдық тамыры) мемлекет жасаған түрлі әрекет, мысалы, жалақыны көтеру немесе қылмыстық жазалау шараларын қатаңдату айтарлықтай нәтиже бермеді, керісінше, қылмыскерлердің жаңа жағдайларға бейімделуін арттырды. Кәсіпкерлер мен халық арасында сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың салдары туралы сапалы түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, пара беру және теріс пиғылды кәсіпкерлікке немқұрайды қарау жойылар емес. Мұнда шешімді күрестің жүйесінен немесе тәсілдерінен емес, адамдардың өзінен, олардың рухани-адами тәрбиесінен іздеу керек.
Сондықтан мен:
Тәрбиелі, ар-ожданды, адал, әділ адамды қалыптастыру факторы ретінде отбасы институтының рөлін қалпына келтіруге және ең жақсы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға; Еңбекқорлықты, жауапкершілікті, аға буынға құрмет көрсетуді, ойлау еркіндігін, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтауды сіңіруге баса назар аудара отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен мектепте білім берудегі тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертуге; Мемлекеттік тілдің мәртебесін оның іс қағаздарын жүргізудегі формальді қолданылуын жоюға, адам өмірінің барлық саласына терең енуіне жәрдемдесу арқылы арттыруға, сондай-ақ бұл жағдайда өзім үлгі болуға; Шет елдердегі қазақтардың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағдайларды жақсартуға және оларды тарихи отанына қайтару кезінде қажет болатын материалдық және моральдық қолдау көрсетуге; Қазақстанның басты байлығы – діни көзқарастар бостандығын, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын бағалауға ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ ТЫРЫСАМЫН.Бақуатты ауыл – қуатты мемлекет!
Мұнай, металл және басқа да табиғи ресурстарды экспорттай отырып, біздің ел валюта құнына қатты тәуелді «шикізат шылауына» айналды. Бұдан бөлек, Қазақстан өз шикізаты бола тұра өз халқын қолжетімді отынмен және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ете, халық тұтынатын қарапайым тауарлар өндірісін жолға қоя алмады. Жыл сайын бағасы көтерілген импортпен бірге инфляция өсіп отыр.
Үкімет экономиканың драйвері бола алатын аграрлық саланың әлеуетін елемейді. Сонымен қатар билік агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашу үшін бізде барлық қажетті алғышарт – тәжірибелі және білікті кадрлар, кең ауылшаруашылық алқаптары, кен орындары мен су ресурстарының қомақты қоры, экспорттық нарықтардағы сұраныс бар екенін жақсы біледі. Бүгінгі таңда АӨК экономиканың барлық саласы үшін мультипликативті әсер беретін елді индустрияландырудың негізі бола алады.
Ауыл шаруашылығында 1 жұмыс орнын құру аралас салаларда 7-8 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Мен Қазақстан Республикасын алақандай жер де бос жатпайтын, егілетін, әр дастарқан сапалы және бағасы қолжетімді отандық өніммен толтырылатын аграрлық державаға айналдыруға нық бекіндім. Сол себепті мен:
Агробизнесті құру және дамыту үшін мемлекеттік қолдауда, жеңілдетілген кредиттеуде, фискалдық саясатта, еңбек нарығында, стартаптарды ынталандыруда, сондай-ақ жер, техникалық (отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды қалпына келтіру) және ақпараттық ресурстарды кедергісіз алуда ең жақсы жағдайлар жасай отырып, АӨК және ауылдық елді мекендерді жаңғырту жөніндегі ұзақмерзімді ұлттық стратегияны заң деңгейінде қабылдауды; Соттар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында, сондай-ақ экспорт елдерінде адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен олардың қызметкерлерін құқықтық қорғау пайдасына президенттік кепілдік беруді; Оларға және олардың отбасы мүшелеріне қажетті әлеуметтік қолдау көлемін қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мәртебесін арттыруды; Қала тұрғындарын коммерциялық үстеме бағасыз азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін мегаполистерде, моноқалаларда, облыс және аудан орталықтарында тұтыну қоғамдары мен кооперативтер желісін құруды және дамытуды; Жеке инвестициялық қорлар қызметін мемлекеттік ынталандыруды, АӨК пен ауылды инвестициялаушы салымшыларды сақтандыру мен кепілдік беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІН.Тапсырыс беруші: Ә.Ж.Қасымқанова. Мақала ақысы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ж.Дайрабаевтың сайлау қоры қаражатынан төленді. Осы материалды шығарған ұйым, оны басып шығарған жері және таралымы туралы мәлімет шығыс деректерінде көрсетілген.