Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан БАӘ-де өткен әлем чемпионатында екінші алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығының мәліметінше, Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында Самат Сәрсенұлы 56 келіге дейінгі салмақта «алтын» жеңіп алды.
Бұған дейін джиу-джитсудан әлем чемпионатында Руслан Исраилов 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.