Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Жазира Ұрақбаева Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 52 келі салмақ дәрежесінде турнирдің жартылай финалына өтті. 1/4 финалда қазақстандық Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Чае Воннан басым түсті. Осылайша, Ұрақбаева Чемпионатты қола медальмен аяқтады.