• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Қараша, 2022

Қазақстандықтардың ATP рейтингіндегі позициялары анықталды

127 рет
көрсетілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жекелей және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz хабарлағандай, бірінші орында испандық Карлос Алькарас тұр, екінші орынға оның жерлесі Рафаэль Надаль, ал үшінші орынға Греция спортшысы Стефанос Циципас орналасты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір сатыға төмендеп, 37-ші орынға ие болды.

Жұптық разрядта Нидерланды өкілі Уэсли Колхоф бірінші орынға шықты, екінші орында британдық Нил Скупски, ал үшінші орында бұрынғы рейтинг көшбасшысы американдық теннисші Раджив Рам тұр.

Қазақстан өкілдері Андрей Голубев пен Александр Недовесов 49-шы және 54-ші орындарды иеленді. Бублик төрт сатыға көтеріліп, 165-ші орынға табан тіреді.