Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Амманда өткен Азия-2022 чемпионатында екінші жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ширек финалда 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай Моңғолия өкілі Мунгунсаран Балсанмен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің жартылай финалына шықты.