• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Қараша, 2022

Суицидпен күрес жоспары

293 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбден Жезқазған қаласында өткен дөңгелек үстелде суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар әзірлеуді ұсынды.

 

Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады. Дөңгелек үстел барысында аталған мәселеге қатысты статистикалық мәліметтер келтірілді. 2018-2022 жылдар ара­лығында 18 мыңға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткен. Белгілі бол­ғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша әлемде алғашқы үштікке кіреді.

«Бұл – нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсет­кіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгі жиында суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жос­пар әзірлеуді ұсындым. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес парламенттік тыңдалымда аталған мәселе күн тәртібіне шығарылуға тиіс», деді Қ.Әбден.

Үміткердің айтуынша, балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік мәселелердің туындауы мен ұлттық, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі себеп.

Еске салсақ, Қ.Әбден осы уақытқа дейін ел өңірлерін аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді.