Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем СҮ» аялдамасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін мәлімет расталып, аялдамада табылған 51 жастағы ер адамның мәйіті екені анықталды.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.