• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Қараша, 2022

Отбасы институтын нығайту қажет

261 рет
көрсетілді

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына барды.

Қарақат Әбден облыстағы үлкен аймақтардың бірі болып саналатын Арал қаласында жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұдан бөлек, кандидат осы өңірде ұлттық және отба­сылық құндылықтарды негізге алып, кәсібін дөң­­гелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен әң­гімелесті.

Арал өңірінде қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды. Кандидат қоғам дертіне айналған синтетикалық есірткі, құмар ойындар мен жат мәдениетке еліктегіш жастардың әрекеттеріне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жат қылықтардың өршуіне ұлттық құндылықтардың тиісті деңгейде насихатталмауы, отбасы тәрбиесінің әлсіреуі себеп.

Кездесуде ұлттық киім мәселесі де сөз болды. «Ұлттық киім – эстетикалық сән ғана емес, халқымыздың тәлім-тәрбиесін, жастардың бойына патриоттық сезім сіңірудің ең тиімді құралы. Дәстүр де, өнер де, халқымыздың философиясы да ұлттық киімімізде жатыр. Сондықтан ұлттық киім өндірушілерге барынша қолдау көрсетуіміз керек», деді Қарақат Әбден.