Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты. Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.
Екінші айналымда Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.
Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен таласады.
Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.