71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз финалда Азия чемпионатын өткізіп жатқан Иордания елінің боксшысынан басым түсті.
Сондай-ақ 67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауов Таиланд елінің боксшысы Бунджонг Синсириден 3:2 есебімен жеңілді.
Ал 75 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Райыс өзбек спортшысы Саиджамшид Джафаровпен үш раунд жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық боксшының уысында кетті.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар әзірге 2 алтын 5 күміс иеленді.