Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Тайландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті жазғандай, үшінші орын үшін өткен кездесуде біздің спортшылар Ираннан келген қарсыластарынан асып түсті.
Бұған дейін әйелдер құрамасы үшінші орын алған болатын.