• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 21 Қараша, 2022

Жаңа форматтағы бәсеке

181 рет
көрсетілді

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Басты ерекшелігі – Конституциялық өзгерістер енгізілгеннен кейін, жаңа форматта өтуі.

Жаңа форматқа сәйкес президент бір мерзімге 7 жылға ғана сайланады. Мұның бәріне Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум кезінде қолдау көрсетті. Екіншіден, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бергі саяси реформалары аясында жүзеге асты. Яғни президенттің өкілеттілігін шектеу, суперпрезиденттік биліктен толық классикалық жүйеге өту. 

Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі – жалпы еліміздегі сая­си реформалар аясындағы демократияландыру үдерісінің кең құлаш жаюы. Күні кеше өткен үміткерлер арасындағы теледебатта сайлаушылар тікелей эфирде, алдын ала сұрақтар жіберу арқылы ашық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Сайлау үдерісіндегі тағы бір  оң өзгеріс – байқаушылардың көптеп қатысуы. Бұл еліміздегі азаматтық позициясы бар белсенділердің сая­си мәдениетінің жоғарылауын көрсетеді.

Жеті жылдық мерзімнің бас­ты артықшылығы – басталған реформаны түпкілікті аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ саяси монополияны жоюға бағыттал­ған. Бір тұлғаның көп жыл билік­те отыруына, олигополияның, олигархияның қанат жаюына тосқауыл қояды. Сонымен қатар елдің тұрақтылығы мен бірлігіне басты кепіл болатын тетіктердің бірі. Әсіресе, қазіргідей геосаяси ахуал өршіген тұста осындай тұрақ­тылықты қамтамасыз ету үшін жеті жылдық мерзім өзек­тілігін көрсетеді.

Кез келген үміткер президент болғаннан кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға ден қояды.

Өйткені ол екінші мерзімге дайындауға уақыт жоғалтпай, өзі бастаған реформаларды табысты жүзеге асыруға ден қояды

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,

Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы