• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қараша, 2022

Террористік ұйымдармен күресу жолы

737 рет
көрсетілді

Орталық Азиядағы терроризм қатері аймақтық деңгейде геосаяси және табиғи ресурстарға байланысты. Зерттеушілер мұны шектен тыс қауіп деп түсіндіреді.

Елімізде терроризмге қарсы орталық 2003 жылдың 29 жел­тоқсанында құрылды. Бұл орта­лықтың негізгі міндеттері – тер­роризммен күресті тікелей іске асыратын мемлекеттік орган­дардың, сондай-ақ тер­ро­ристік және өзге де экстре­мистік белгілерге қарсы іс-әре­кет ету саласындағы мүд­делі министрліктер мен ведом­ство­лардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ террористік және өзге де экстремистік қауіп-қатерлер және белгілер туралы ақпаратты жинау, реттеу, талдау және сараптау болып саналады.

Орталық мамандарына жүк­телген міндеттердің тағы бірі – терроризмге қарсы қызметтің концептуалды ережелері мен бағдарламаларын, террорис­тік және өзге де экстремис­тік акциялардың алдын алу және жолын кесу жоспарларын әзірлеу. Сонымен қатар мұн­да арнаулы терроризмге қар­сы бөлімшелердің жеке құрамын кәсіби даярлауды үйлес­тіру және әдістемелік қам­тамасыз етуге де басым­дық бе­ріледі. Терроризммен кү­рес мәселелерімен айналысатын халықаралық орталық­тар және ұйымдармен жұмыс байланыстарын орнату және ұстану мәселесі де назардан тыс қалған емес. Терроризм және экстремизмнің өзге де белгі­лерімен күрес мәселелерін қоз­ғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындауға білікті, тәжірибелі мамандар жұмылдырылып келеді.

Еліміздегі терроризм қауіп-қатерін жан-жақты зерделеп жүрген отандық саясаттанушы­лар да аз емес. Олардың дені терроризм қаупін дұрыс баға­ламай, оны елемей және жекелей алынған елде қауіптің өзін жоққа шығаруға болмайтынын айтады. «Бірақ терроризмді асыра бағалаудың да қажеті жоқ. Қоғамда дүрбелең салып, үрей мен қорқыныш ұяла­тып, қоғамдық резонанс әсе­рін күшейту арқылы терро­ристер­ге қолдау көрсетуге бол­май­ды, себебі кез келген теракт, ең алдымен, кең ақпа­раттық әсерге есептелген. Осын­дай тең­герімді ұстап тұру қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етудің тиім­ді жүйесін қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Бірақ, ең бас­тысы, терроризм, экстре­мизм сияқты қауіп-қатерге төтеп беріп, тиімді қарсы тұрудың негізгі шарты – қоғам мен би­лік­тің өзара келісімі, ұлттық бір­лік», дейді мамандар.

Терроризмді болдырмау, алдын алудың ең оңтайлы жолы – Орталық Азия мемлекеттері діни бірлестіктермен бірле­сіп, қоғамға шынайы діннің шапағаты мен теріс пиғылды діни ағымдардың кесапатын түсіндіріп, аражігін ашып беру. Әр азаматтың діни сауаттылы­ғын көтеру қажет. Сонымен бірге хал­қымыздың дінмен ұштасқан салт-дәстүрін ұстану аса маңызды.

 

Қайрат САЛЫҚБАЕВ,

Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы