• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Пікір 30 Қараша, 2022

Жаңа саяси цикл басталды

168 рет
көрсетілді

Мерзімінен бұрын өткен бұл сайлау саяси жүйенің өзгеруімен тұспа-тұс келді. Осылайша, ре­фор­малар легі Конституциялық өзгеріс­терге ұла­сып, логикалық жалға­сын тапты. Олар елдің саяси күштерінің те­пе-теңдігін өзгертіп, Пар­ла­мент­­тің өкілеттіктерін бір­шама ке­ңейт­ті. Президенттің өкілет­тік­­терін жаңар­тып, құқықтық институт­­тардың жаңа мәртебелерін белгіледі.

Сайлау да жаңа жағдайда өтті. Бұл президенттік мерзімге арналған новелла­мен де байланысты. 2022 жылдың қыр­күйек айында «Қазақстан Респуб­ликасы­­ның Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 17 қыр­күйектегі Қазақстан Республика­сының Заңына сәйкес ел Президентінің өкілеттігі жеті жылдық бір мерзіммен шектелді.

Бұл норма Конституцияның өзгер­мейтін тармақтарының тізбесіне мемле­кеттің тәуелсіздігімен, еліміздің аумақтық тұтастығымен, оны басқару нысанымен, Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарымен қатар енгізілді.

Сонымен қатар бұл сайлауда барлы­ғы­­на қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар жаңа норма енгізілді. Бұл құқықты қазақ­стан­дықтардың 5,8 пайызы қолдан­ды. Жалпы, 8,3 млн қазақстандық дауыс беріп, өзінің саяси ерік-жігерін білдірді.

Осылайша, Президент инаугурация­сы Қазақстанның жаңа саяси циклін іске қосудың символдық салтанатты рәсімі деп айта аламыз. Келер жылы Қазақстанда жаңарған қоғамдық шартпен басталады.

 

Татьяна ЛИПИНА,

Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері