• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 01 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық теннисші Бразилиядағы турнирді жеңіспен бастады

242 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Бразилияның Вакария қаласында өткен жұптық турнирде бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

Қазақстандық теннисші жұптық турнирде Бразилиялық Игорь Хименеспен бірігіп жергілікті спортшылар Жоао Эдуардо - Виктор Тосеттоға қарсы ойында жеңіске жетті. Кездесу екі сетте 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші жекелей сында ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 1001-орында тұр. Хименес рейтингтің 947-қатарына орналасты.