• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Өнер 31 Қаңтар, 2023

Өмір күрделі емес, көркем!

456 рет
көрсетілді

Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші әншісі Зарина Алтынбаева «Русалка» операсынан Русалка ария­сына түсірілген жаңа бейнефильмін жарыққа шығарды.

«Русалка» операсы Ал­маты театрының репертуарында болмағанымен, Лон­донға сапарлап барған ке­зінде әншінің дауысына лайық­талып алдымен музыкасы жа­зылған болатын. Әншінің арманы болған кейіпкерді театр сахнасында ойнаудың әзірге мүмкіндігі жоқ, алайда чех композиторы Антонин Дворжактың «Русалка» операсы бойынша түсірілген музыкалық фильм арқылы З.Алтынбаева көптен бері кө­кейінде жүрген идеясын жүзеге асырып отыр. Операның ди­ри­жері Эндрю Скит, бей­не­фильмінің режиссері – Ға­лым Асылов, бас операторы – Юрий Левандовский. Ария Ко­роль­діктің филармо­ния ор­кестрі­мен (Royal Philharmonic Orchestra) бірігіп жа­зылған.

Расында да, жеті минуттық картинаны тамашалаған кө­­рермен ғажайып музы­ка­­­ның әуені мен ертегі ке­йіп­­­­кері образындағы За­ри­­на­ның сыңғырлаған сопрано да­уысына тербеле оты­­рып, алтын күздің алқоңыр жа­пы­рақтарының сыбдырынан, жарыса келіп жағалауға соғылған теңіз толқынының шуылынан эстетикалық ләззат алады. Бейнефильм өткен жыл­дың күзінде Қапшағайда түсірілген. «Бүгінгі өміріміз­дің күрделі болып кеткені сон­ша, адамдарға сиқырлы, әдемі, таңғажайып әлем же­тіспейді. Сондықтан мен ер­тегі желісіне сүйене отырып, Дворжактың «Русалка» опе­­расын, классикалық му­зыканың әлемдік шедеврін қайта жаңғыртуды жөн деп шеш­тім», дейді Зари­на Алтынбаева. Қасі­рет­пен аяқталатын Андер­сеннің әйгілі ертегісі мен Пуш­­кин дра­масының оқиға­сымен са­лыстырғанда, музы­ка­лық фильмді түсірген шығар­ма­шылық топ бұл «Русал­каның» соңын бақытты тағ­дырмен түйіндеуді құп көрген. Се­бебі белгілі – кө­рермен қуаныш сезінсін. Ке­ле­шекке үміті болсын. Өмір бәрібір сұлу, көр­кем.

 

АЛМАТЫ