• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Дін 07 Ақпан, 2023

Заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдік ұсталды

168 рет
көрсетілді

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының екі азаматы жүзеге асырған заңсыз діни қызметті тоқтатты. Тергеу нәтижелері көрсеткендей, олар Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдіктілер 2022 жылдан бастап Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарымен таныстырып, адамдарды сол ұйымдарға тартқан. 

Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды.

Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясына сәйкес жауапқа тартылғандар 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейді. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттеріне қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ