• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2023

ШҚО тұрғындарын «қызғылт бұлт» алаңдатып отыр

493 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары «қызғылт бұлтты» видеоға түсіріп алған. Облыстық экология департаментінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында «қызғылт бұлт» байқалған. Дәл осындай құбылыс өткен жылдың желтоқсан айында да болған.

«Эколог мамандар тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша «қызғылт бұлттың» пайда болуына «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын», деп түсіндірді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.

Соңғы жаңалықтар