• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Наурыз, 2023

Жылдам жүрудің пайдасы қандай?

414 рет
көрсетілді

Күніне он бір минут жылдам жүру өлім қаупін 5,5 пайызға төмендетеді. Кембридж университетінің зерттеушілері ұсынған ақпаратқа қарағанда, аз уақыттық физикалық белсенділік өмірді ұзартады.

Жүрек ауруы, инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп өлімге алып келетін аурулар. Мәселен, 2016 жылы 17,9 миллион адам қайтыс болған. Ал күнделікті физикалық белсенділік бұлһ қауіпті төмендетеді. Денсаулықты жақсарту үшін дәрігерлер ересектерге аптасына кемінде 150 минут жүрек соғысы мен тыныс алу жиілігін арттыратын дене жаттығуларын жасауды ұсынады.

Жүрек-қан тамырлары аурулары мен мезгілсіз өлім қаупін азайту үшін қажетті физикалық белсенділік деңгейін анықтады. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісі аптасына 150 минуттан аз жаттығу жасаған. Оннан бір бөлігі ғана аптасына бес сағаттан артық жатыққан.

Алайда, аптасына 75 минут жаттығу жасағандарда да жүрек ауруларына байланысты ерте өлім қаупі шамамен 23 пайызға төмендеген. Сонымен қатар бұл кейбір қатерлі ісіктердің асқынуын 3-26 пайызға төмендеткен. Осылайша, күніне 10-11 минуттық орташа физикалық белсенділік денсаулықты айтарлықтай жақсарта алады.